AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар са...

Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар саны 308 мыңнан асты

Әлеумет 17.11.2025, 10:37 1,166 Дина
Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар саны 308 мыңнан асты
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

2025 жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 308,4 мың адамға жетті. Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Министрлік деректеріне қарағанда, 268,6 мың адамға биыл алғаш рет жұмыссыздық бойынша жәрдемақы рәсімделген. Жыл басынан бері МӘСҚ тарапынан жалпы сома 106,8 млрд теңге төленген. Салыстыру үшін: 2024 жылы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді 1,4 млн қазақстандық алған.

Жәрдемақы 1–6 ай аралығында төленеді және жоғалған табыстың 45%-ына дейін өтейді. Төлем мөлшері азаматтың жұмыс өтілі мен соңғы екі жылдағы орташа табысына байланысты есептеледі.

Айта кетейік, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы азамат ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алған күннен бастап тағайындалады.

11 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қазақстандықтарға жәрдемақы алу тәртібі мен қажетті құжаттар туралы түсіндіру жұмысын жүргізген болатын.

Жәрдемақы алу үшін келесі шарттар орындалуға тиіс:

  • өтініш беруші ресми түрде жұмыс істеген болуы керек;

  • кемінде 6 ай көлемінде әлеуметтік аударымдар төленген болуы қажет;

  • азамат ресми жұмыссыз мәртебесін алуы тиіс.

Министрлік жұмыссыздық бойынша төлемдер еңбек нарығындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау тетігі болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыссыздық #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);