Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Деніңіз сау болса да, емханаға не үшін бару керек?

Деніңіз сау болса да, емханаға не үшін бару керек?

Мұны білген жөн 17.11.2025, 12:41 434
Деніңіз сау болса да, емханаға не үшін бару керек?
сурет: автордан

Кейбір азаматтар қандай медициналық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында алуға болатынын білмейді. Ал емханаға тіркелу арқылы көптеген медициналық қызметті алып, қаражатты үнемдеуге болады.

Осы жайлы толығырақ  бізге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі айтып берді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында емханаңызды білудің қаншалықты маңызды әрі тиімді екенін тағы бір мәрте еске салады.

«Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігіне зер салсақ, олардың көпшілігі қай қызметтердің сақтандырусыз көрсетілетінін, қайсысы МӘМС пакетіне кіретінін білмейді. Шын мәнінде емханада профилактикалық тексеруден бастап күрделі операцияларға дейін көптеген қызмет түрін алуға болады. Егер өз құқығыңызды біліп, тіркелген емханаңызға жүгінсеңіз, мұның бәрі тегін көрсетіледі», – деді ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Қайда бару керек?

Медициналық қызметтерді пайдалану үшін ең алдымен өз емханаңызды және учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды.

Егер сіз бұрын-соңды емханаға бармаған болсаңыз, тіркелген медициналық ұйымды eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен немесе eGov Mobile мобильді қосымшасынан біле аласыз.

Кейбір өңірлерде (мысалы, iKomek) анықтама қызметтері бар, олар сіздің тұратын мекенжайыңызға сәйкес келетін медициналық ұйымды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларынан да кеңес алуға болады.

Айта кетейік, қажет болған жағдайда – жылына екі рет өз қалауыңыз бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жерді ауыстыруға байланысты немесе тіркеу кампаниясы кезінде емхананы ауыстыруға болады(толығырақ http://zan.gov.kz/client/#!/doc/148575/rus). Бұл қызмет eGov.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Бұл – негізгі минимум

Қай емханаға тіркелгеніңізді білген соң, сол жерге жүгініп, қажетті медициналық көмекті ала аласыз. Әр тіркелген азамат жыл сайын өз емханасында профилактикалық тексеруден өтуге құқылы. Бұл ауруларды ерте кезеңде анықтауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен – флюорография. Ол өкпе ауруларын ерте анықтау үшін жылына бір рет жасалады. 

Сонымен қатар, жыл сайын дәрігерге дейінгі тексеру кабинетіне бару қарастырылған. Онда артериялық қысым, қандағы қант мөлшері, бой, салмақ және көру өткірлігі өлшенеді. Егер сіз медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасын пайдалансаңыз, учаскелік дәрігерге жазылмас бұрын осындай кабинетке бару қажеттілігі туралы хабарламалар алып жүрген боларсыз. Бұл кабинетке жолдама да, алдын ала жазылу да қажет емес, қызмет көрсету әдетте кезекпен жүзеге асырылады.

Әйелдер міндетті түрде алдын ала қаралу кабинетіне баруы керек. Онда профилактикалық тексеру жүргізіліп, шағымдар туралы сұралады, онкоцитологияға жағынды алынады және жалпы әйелдердің денсаулық жағдайы бағаланады.

Сонымен бірге жасына байланысты ерлер мен әйелдерге, шағымның бар-жоғына қарамай көрсетілетін маңызды медициналық қызметтердің бірі – скринингтік тексерулер. Олар жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған.

Айта кетерлігі, осындай тексерулерден тұрақты түрде өту мәселелерді уақытылы анықтап, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика