AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Құдайберген Берлинде аншлагпен өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Берлинде аншлагпен өнер көрсетті

Мәдениет 17.11.2025, 12:01 1,111
Димаш Құдайберген Берлинде аншлагпен өнер көрсетті
Фото: Dimashnews

Димаш Берлинде алғаш рет жеке концерт өткізді: «Stranger» әлемдік туры Германияда жалғасты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

14 қарашада Германия астанасы Берлинде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Бұл – қазақстандық әншінің Берлиндегі алғашқы өнер көрсетуі. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары Дюссельдорфта концерт берген.

Max-Schmeling-Halle аренасында Димаш 20-дан астам композиция орындады. Олардың ішінде он авторлық әні де болды. Кештің басты шығармаларының бірі ретінде әрдайым айтылатын «Ұмытылмас күн» тағы да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Бұл ән 2016 жылғы алғашқы турының атауына айналған және содан бері әр концерттің ажырамас бөлігі болып келеді.

Он жыл ішінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары «Ұмытылмас күнді» жатқа меңгеріп, әр концертте Димашпен бірге жүректен шығарып орындайды. Әр әншінің концерті тыңдарман үшін дәл сол «ұмытылмас күнге» айналады.

Ән орындалған сәтте көрермендер мыңдаған шам іспетті жарықтарды көтеріп, залды ерекше атмосфераға бөледі. «Махаббат шамдары» деп аталған бұл әсерлі акцияны Dimash Fanclub Deutschland ұйымының жанкүйерлері ұйымдастырып, алты мыңға жуық жарықшамды көрермендерге таратқан.

Кеш өнер, эмоция және ерекше энергетикаға толы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #Берлин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі

Бүгін 14:21

Рұқсатсыз салынған граффити – өнер емес, құқық бұзушылық

Бүгін 14:06

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);