Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Үстел теннисінен әлем чемпионымен ойнаған қазақста...

Үстел теннисінен әлем чемпионымен ойнаған қазақстандық 5 жасар бала жұртты тәнті етті

Мұны білген жөн 17.11.2025, 12:24 525
Үстел теннисінен әлем чемпионымен ойнаған қазақстандық 5 жасар бала жұртты тәнті етті
Кейіпкердің жеке архивінен

Өскемендегі Altay Pro клубында жақында ерекше сәт болды. 5 жасар бала әлем чемпионымен тең дәрежеде доп алмасып, баршаны таңғалдыратынын кім ойлаған? Бұл - үстел теннисінен кішкентай майталман атанған Максимнің оқиғасы.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда кішкентай дарынның әлем чемпионы Вернер Шлагерге дес бермегенін байқауға болады. Аqshamnews.kz тілшісі баланың анасы Юлиямен сұхбаттасты. 

Әлем чемпионы Вернер Шлагер (сол жақ шетте) мен Еуропа чемпионы Владимир Самсоновпен (оң жақ шетте)  түскен сурет

Туғанынан теннис залында өскен бала

Максим - теннис залында "туған" бала. Себебі оның ата-анасы – кәсіби спортшылар, үстел теннисінің нағыз майталмандары. Әкесі - Ресейдің, анасы - Қазақстанның спорт шебері. Кішкентай Максим ата-анасымен бірге үнемі жаттығу залында жүреді.

“Оны бір жасында үстелге отырғызып, кішкентай ракетка беретінбіз. Сол кезде-ақ допты қайтаруға тырысатын", - дейді анасы. 

Бүгінде Юлия да, оның жолдасы да Altay Pro клубының жаттықтырушылары. Анасы бұрын Қазақстан құрамасында ойнап, 2017 жылы спорттық мансабын аяқтап, бапкерлікке ауысқан.

Баланың ата-анасы оны спорт жолына салғысы келмеген

Екі кәсіби спортшы үшін баланың да сол жолмен жүруі – бір жағынан мақтаныш, екінші жағынан жауапкершілік.

“Шынын айтсақ, Максимді міндетті түрде тенниске береміз деп ойламадық. Бапкер емес, ата-ана болғымыз келді. Бірақ оның дарынын көрген соң, жолына кедергі болуға болмайтынын түсіндік.”

Максимнің техникасы жасына қарамастан ерекше: ол жылдам реакциясымен, дәлдігімен және ойын кезіндегі ұстамдылығымен ерекшеленеді.

Максим тенниспен ғана шектелмейді

Максим мектепке әлі бара қойған жоқ. Қазір ол күн сайын жаттығады, оған қоса,  ағылшын тілін үйренуді бастады.

Үстел теннисінен бөлек, бадминтонды да жақсы көреді. Ата-анасының жұмыс залында бадминтон алаңы да бар. Ал футболда қақпашы болуға құмар.

“Есейгенде болғанда кім боласың?” деген сұраққа оның жауабы дайын. “Чемпион!”

Баланың арманы – Қазақстан Президентімен ойнау

Максимнің бір ерекше арманы – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен үстел теннисін ойнау.
Бұл арманның тарихы да бар. Максимнің анасы Юлия 2017 жылы Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсеткенде, оған марапатты сол кезде үстел теннисі федерациясын басқарған Қасым-Жомарт Тоқаев табыстаған.

Ал енді, араға жылдар салып, оның ұлы Мемлекет басшысымен ойнауды арман еткен. Бұл - кез келген спортшы бала үшін үлкен мотивация, ал отбасы үшін ерекше сәт болар еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үстел теннисі #спорт #сұхбат #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15

KASE саудасында доллар бағамы төмендеді

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика