Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақстандық танымал актриса 39 жасында алғаш рет...

Қазақстандық танымал актриса 39 жасында алғаш рет ана атанды

Барлығы 17.11.2025, 11:22 595
Қазақстандық танымал актриса 39 жасында алғаш рет ана атанды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова 39 жасында алғаш рет ана атанды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы актриса әлеуметтік желіде бөлісті. 

39 жастағы актриса қуанышты жаңалығын жұбайы Ержан Алдабергеновпен бірге Instagram парақшасында жариялады. Ерлі-зайыптылар Аружанның жүктілігінің соңғы кезеңінде түсірілген әсерлі видеоны бөлісіп, қызының дүниеге келген күнін де жария етті.

«Біз ұзақ уақыт сені қашан көретінімізді күтіп жүрдік. Сен әкеңнің ең бақытты санын таңдадың - 11.11.25. Осы күні біздің Саратайымыз дүниеге келді. Біз ең бақытты ата-анамыз», - деп жазды жұбайлар.

Желі қолданушылары мен әріптестері жас ата-аналарды құттықтап, жылы тілектерін жаудырды:

«Құтты болсын!», «Сәбиге мықты денсаулық», «Қуаныштарыңыз көп болсын» деген пікірлер видео астында сан мыңдап жиналып жатыр.

Аружан мен Ержанның қарым-қатынасы жайлы не белгілі?

Аружан мен Ержанның қарым-қатынасы бірнеше жыл бұрын жария болды. Олардың алғашқы ортақ суреттері 2021 жылы Instagram-да пайда болған. 2022 жылы Ержан Алдабергенов актрисаға Көлсай көлінің жағасында ұсыныс жасаған болатын.

Ержан Алдабергенов - "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері, қазіргі уақытта режиссер Канат Бейсекеев жүргізетін Zamandas подкастының авторларының бірі.

Актрисаның шығармашылық жолы

Аружан Жазылбекова - 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Балалық шағында спорттық бимен және ат спортынан сабақ алған. Кейін КИМЭП-те халықаралық журналистика мамандығын оқыған.

Оның мансабы модельдік индустриядан басталды: 2003 жылы Ford Models Super Model of the World байқауының іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, Нью-Йорктегі әлемдік финалда ТОП-10 қатарына енген. Кейін Парижде жұмыс істеді, Еуропа подиумдарында өнер көрсетті.

Кинодағы дебюті 2010 жылы Тоқтар Қарсақбаевтың «Махаббат тербелісі» фильміндегі басты рөлден басталған. Одан кейін «Асель, друзья и подруги», «Сердце мое, Астана», «Ограбление по-казахски», Канн фестивалінің Short Film Corner бағдарламасына енген «Вольные птицы» сынды жобаларда ойнады. Соңғы жылдары «Рэкетир-2», «Анаға апарар жол», «Үйге апарар жол» фильмдеріндегі рөлдерімен танылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аружан Жазылбекова #актриса
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика