Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Шариғат шартына сай қарыз

Шариғат шартына сай қарыз

Экономика 31.03.2025, 17:44 870
Шариғат шартына сай қарыз
aikyn.kz

Қазақстан банктерінде беріле бастайды.

Елімізде Ислам қаржыландыру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Банктер "Ислам терезелері" атты жаңа жүйемен жұмыс істей бастауы мүмкін. Бұл туралы сенатта қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді.

Елімізде Ислам банктерінің қызметіне құқықтық негіз 2009 жылы қаланған, ал 2015 жылы Ислам сақтандыру жүйесі енгізілді. Бүгінде Қазақстанда екі Ислам банкі жұмыс істейді. Бірақ олардың жалпы банк жүйесіндегі үлесі небәрі 0,4 пайызды құрайды. Бұл саланы дамыту үшін халықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Көптеген мұсылман елдерінде Ислам банктері дәстүрлі банк секторымен қатар қызмет ете береді. Осыған байланысты жаңа заң жобасы аясында банктерге «Ислам терезелерін» ашу тетігін енгізбекпіз. Бұл бастама дәстүрлі банктерге пайыздық жүйемен де, Исламдық пайызсыз қаржыландырумен де қатар жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деді Әбдірахманов.

Министрліктің жоспарына сәйкес, заң жобасы осы жылдың тамыз айында енгізіледі. Бұл өзгеріс банктердің қаржылық инфрақұрылымын кеңейтіп, халықтың кең ауқымына қызмет көрсетуіне жол ашады. Сонымен қатар, жаңа реформа шетелдік Ислам қаржылық институттарын тартуға да ықпал етуі мүмкін.

Ислам банктері Қазақстан экономикасына 12 млрд теңге тікелей инвестиция салды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселеп өседі деп күтілуде. Шетелдік инвесторлар көлік, энергетика, денсаулық сақтау салаларына қаржы құюға қызығушылық танытып отыр, – деп қосты Әбдірахманов.

Бұл бастаманы қаржы сарапшылары да қолдап отыр. "Халық банк" төрағасының орынбасары, тәуелсіз сарапшы Дәурен Сартаевтың пікірінше, Ислам қаржы жүйесінің дамуы үшін бірінші кезекте "Ислам терезелерін" ашу маңызды.

Ресми статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 60%-дан астамы Ислам дінін ұстанатынын айтқан, ал 20%-ы өзін дін жолындағы мұсылман санайды. Алайда Ислам қаржысының үлесі небәрі 0,4% ғана. Бұл көрсеткішті арттыру үшін банктер өздерінің инфрақұрылымы арқылы Ислам қаржыландыру тетіктерін ұсынуы керек. Қазіргі заңнама бойынша, Шариғат талаптарына сай қаржыландыруды жүзеге асыру үшін бөлек заңды тұлға құру қажет, бұл – ұзақ әрі шығынды процесс. Ал егер банктер өз инфрақұрылымының негізінде Ислам қаржысы қызметін ұсынса, бұл үрдіс әлдеқайда жылдам әрі тиімді жүреді, – деді Сартаев.

Оның айтуынша, бұл бағытта салық заңнамасын жетілдіру де маңызды рөл атқарады.

Ислам банктері бизнес құрылымдарымен серіктестік негізінде жұмыс істейді. Сондықтан қосымша құн салығы мен табыс салығы мәселесін дұрыс реттеу қажет. Екі тарап та тұрақты әрі әділ пайда табу үшін нақты құқықтық база болуы керек," – деп атап өтті сарапшы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заң жобасын биыл тамызда Парламентке енгізгелі отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам #банк #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика