Түркі әлемі Еуропамен диалогты нығайтуда: Польшада Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жаңа мәдени-академиялық бастамалары іске қосылды

  • 14:44, 17 қараша 2025
Түркі әлемі Еуропамен диалогты нығайтуда: Польшада Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жаңа мәдени-академиялық бастамалары іске қосылды сурет: автордан

2025 жылғы 13-14 қараша күндері Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлованың Польшаға ресми сапары аясында Еуропада түркі мәдени мұрасын ілгерілетуге және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.

Түркітану жөніндегі халықаралық конференцияның ашылуы

Варшава университетінде Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Азия және Африка мәдениеттері факультетінің қолдауымен Түркітану жөніндегі халықаралық конференция өтті.

Конференцияның ашылуында Қор Президенті Ақтоты Райымқұлова Еуропаның түркі мұрасына деген арта түскен қызығушылығын атап өтіп, Варшава университетімен академиялық ынтымақтастықты нығайту ортақ ғылыми жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Ашылу рәсіміне Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ түркітану саласының жетекші ғалымдары қатысты.

Конференция барысында Варшава университеті мен түркі әлемінің ғылыми орталықтары арасындағы академиялық алмасуларды кеңейту және серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Казахстандық зерттеуші Мұхит-Ардагер Сыдықназаров дайындаған Еуропа архивтеріндегі Түркі әлемінің көне карталары көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.

Түркі мәдени мұрасы орталығын құру туралы келісімге қол қою

Сапардың маңызды оқиғаларының бірі – Варшава университеті базасында Түркі мәдени мұрасы орталығын құру туралы келісімге қол қойылуы.

Құжатқа Қор президенті Ақтоты Райымқұлова мен университеттің проректоры профессор Ева Кругулец қол қойды.

Жаңа орталықтың негізгі міндеттері:

түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттау;

ғылыми және білім беру бастамаларын дамыту;

интерактивті көрмелер мен семинарлар өткізу;

Польша қоғамында түркі халықтарына деген қызығушылықты арттыру.

Варшава университеті кітапханасымен танысу

Ақтоты Райымқұлова Варшава университетінің кітапханасы директоры Кшиштоф Нержвицкиймен кездесу өткізді. Тараптар көне жазба ескерткіштерді зерттеу және қалпына келтіру бағытындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ғылыми алмасу бағдарламаларын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Азия және Тынық мұхиты музейі арасындағы ынтымақтастықты кеңейту

Сапар барысында Қор президенті Азия және Тынық мұхиты музейіне барып, оның директоры Йозеф Залевскиймен кездесті. Кездесу барысында музей қорындағы түркі халықтарына қатысты көне коллекциялар және ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қарастырылды.

Белосток қаласына жұмыс сапары

14 қарашада делегация Белосток қаласын барып, қаланың вице-мэрі Рафал Рудницкий және Польша мүфтиятының басшысы, Тұтас Польша мұсылман діни бірлестігі мен татар қауымының жетекшісі Томаш Мишкевичпен кездесті.

Кездесуде келесі мәселелер талқыланды:

• мәдениетаралық диалогты дамыту;

• тегі түркі халықтарына жататын поляк татарларымен ынтымақтастық;

• гуманитарлық және мәдени жобалар бойынша бірлескен бастамалар.

Сондай-ақ Белосток өңірінде 600 жылдан астам уақыт бойы түркі халықтарына жататын татарлар мен қарайымдар тату түрде өмір сүріп, Польшаның тарихи-рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

Қала мэриясындағы кездесулер нәтижесінде түркі мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға, қауымдық бастамаларды қолдауға және мәдени алмасуды кеңейтуге бағытталған жаңа халықаралық жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Белостокқа сапар Еуропадағы этникалық Түркі қауымдастықтарымен ынтымақтастықты нығайтып, түркі әлемінің Еуропалық мәдени кеңістікке қосқан зор үлесін тағы бір мәрте айқындады.

Сапар қорытындылары

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Президентінің Польшаға сапары мәдени дипломатияны күшейту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

Қол қойылған келісімдер, ғылыми іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі кездесулер Еуропада түркі мұрасын ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашып, түркі әлемі мен еуропалық институттар арасындағы стратегиялық диалогты нығайтады, сондай-ақ Еуропа елдерінде түркі мәдениеті мен мұрасын сақтауға, қолдау және кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47