AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс спикері Ядролық физика институтының жұмысы...

Мәжіліс спикері Ядролық физика институтының жұмысымен танысты

Әлеумет 31.03.2025, 17:35 942 Nursok82
Мәжіліс спикері Ядролық физика институтының жұмысымен танысты
Т.Таныбаев

Қазақстанда радиоактив қалдықтарды игеру жөніндегі жаңа заң жобасы әзірленеді. Оның аясында ядролық қауіпсіздік саласына қатысты бірқатар түзетпе енгізу қарастырылған. Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Алматыдағы Ядролық физика институтына барып, бейбіт атомды пайдалану бойынша отандық жобалармен танысып, заң жобасын әзірлеу тәсілдерін ғалымдармен бірге талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ерлан Қошановтың айтуынша, жаңа заңнамалық нормалар елде АЭС салу және атом саласын дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл ретте МАГАТЭ-нің халықаралық талаптары ескерілетін болады. Мәжіліс спикері түзетулер Мәжілісте ашық талқылаудан өтіп, қоғамның және барлық мүдделі тараптардың пікірлері ескерілетінін атап өтті.

Институт қызметкерлерімен әңгіме барысында АЭС үшін кадр даярлау, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу, ядролық индустрия өнімдеріне жаңа стандарттар енгізу және атом саласының ел экономикасына толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Бұл ретте үздік шетелдік тәжірибелер ескеріледі.

Депутаттар болашақ АЭС-тің шағын көшірмесі саналатын ВВР-К зерттеу реакторымен танысты. Ядролық физика институтының бас директоры, физика-математика ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Саябек Сахиев институтта жоғары білімді мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлауға арналған база бар екенін атап өтті.

Ядролық физика институты қызметкерлерімен кездесуде Ерлан Қошанов бұл ғылыми мекеменің АЭС құрылысы жобасын жүзеге асырудағы ерекше рөлін атап өтті.

Ол институттың МАГАТЭ-нің үздік әлемдік стандарттарына сай елімізде бейбіт атоммен жұмыс істеуге тәжірибесі де, біліктілігі де жеткілікті екендігінің айқын дәлелі екенін айтты. Сондай-ақ сапар барысында депутаттар радиофармпрепараттар өндірісі кешенімен танысты. Онда Қазақстандағы жалғыз Cyclone-30 қондырғысы жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ядролық физика институты #Мәжіліс спикері #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);