Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Барлығы 17.11.2025, 15:12 434
Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты
сурет: Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында алдын ала эпидемиялық маусымдағы ЖРВИ мен тұмаудың ағымдағы эпидемиологиялық жағдайы мен профилактика іс-шаралары туралы брифинг өтті. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада маусымдық жағжайға қарамастан, сырқаттану деңгейі тұрақты болып отырғанын хабарлады.

Департамент деректеріне сәйкес, 45-аптада Алматыда 23 786 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1012,89-ды құрайды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7%-ға, ал алдыңғы аптамен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. Аурулардың 63%-дан астамы – балалар. Стационарларға 519 пациент, оның ішінде 64 жүкті әйел және 1 жасқа дейінгі 66 бала госпитализацияланды. «Пневмония» диагнозымен 79 адам ауруханаға жатқызылған.

«Жаңа эпидмаусым басталғалы барлығы 113 390 ЖРВИ жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 4828,55 болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға жоғары. Аурушаңдықтың 58,6%-ы – балалар арасында. Барлығы 2428 пациент, оның ішінде 255 жүкті әйел және 1 жасқа дейінгі 333 бала ауруханаға жатқызылды», – деді Әсел Қалықова.

Алматыда тұмаудың A/H3N2 штаммының 13 расталған жағдайы анықталды, олардың басым бөлігі – екпе алмағандар. Науқастардың көпшілігі жүкті әйелдер. Барлық пациенттер ем қабылдап жатыр, дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды.

Қалалық зертханалар тұмау және басқа ЖРВИ вирус түрлерінің айналымын бақылауды жалғастырып жатыр. Зерттелген 609 үлгінің 13-інде A/H3N2 вирусы анықталды. Сондай-ақ риновирус, парагрипп және маусымдық коронавирус айналымда екені тіркелген.

Оқушылар арасындағы сырқаттануға жеке назар аударылды. 45-аптада 172 мектепте 602 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл жалпы оқушылар санының небәрі 0,3%-ын құрайды және шекті деңгейден аспайды. Аурудың алдын алу мақсатында барлық мектепте таңертеңгі және ауысымаралық сүзгі жасалады.

Әсел Қалықова Алматының тұмау мен ауыр респираторлық инфекциялар бойынша жыл бойы жұмыс істейтін дозорлық эпидқадағалау жүргізетін өңірлердің бірі екенін еске салды. Қалада стационарлық және амбулаториялық сегіз дозорлық орталық жұмыс істейді.

Эпидмаусымға дайындық аясында қалада қажетті қаулылар әзірленіп, медицина қызметкерлеріне оқу семинарлары өткізілді, емханаларда фильтр-аймақтар құрылды, тұмау мен ЖРВИ-ды анықтайтын ПТР-жинақтардың қоры қамтамасыз етілді.

25 қыркүйектен бастап халықты вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда 254 115 адамға екпе салынды, оның 250 мыңға жуығы – қауіп тобына жататындар. Жекеменшік орталықтарда вакцинация қалаған барлық тұрғынға, соның ішінде жұмыс берушілер есебінен қолжетімді.

«Жекеменшік медициналық орталықтарда тұмауға қарсы екпені ақылы түрде халықтың басқа топтары да ала алады, оған түрлі сала қызметкерлерін жұмыс берушілер есебінен вакцинациялау да кіреді. Ақылы түрде 4115 адам егілді, олардың 2146-сы – жұмыс берушілердің қаражатына, 1969-ы – өз қаражаты есебінен», – деді Әсел Қалықова.

Брифинг соңында маман тұрғындарға ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі іс-шараларын еске салды:
•    иммунитетті көтеру: С дәруменін қолдану, дәрігер нұсқауымен оксолин майын пайдалану;
•    көпшілік жиналатын орындарға баруды қысқарту, үй-жайды желдетіп, ылғалды тазалау, ЖРВИ-бен ауыратындармен қарым-қатынастан аулақ болу, қажет жағдайда маска тағу, жеке гигиена ережелерін сақтау;
•    сырқаттанған жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдемеу, медицина қызметкерін шақыру, жөтелгенде және қақырғанда ауызды қолмен, салфеткамен немесе орамалмен жабу, қолды жиі жуу;
•    науқас балаларды мектепке, балабақшаға және мәдени-бұқаралық орындарға жібермеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖРВИ #әкімдік #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика