AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғас шекарадағы заңбұзушылықтар: 2024 жылдың сег...

Қорғас шекарадағы заңбұзушылықтар: 2024 жылдың сегіз айындағы статистика

Әлеумет 01.11.2024, 14:08 1,194 Nursok82
Қорғас шекарадағы заңбұзушылықтар: 2024 жылдың сегіз айындағы статистика
Сурет: ашық дереккөз
 

Осы жылдың сегіз айында Қазақстанның Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті Қорғас теміржол бекетінде тіркелген заңсыз заттар мен әрекеттер туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Табылған заттар: темекіден полицей формасына дейін

Қорғас бекетінде жүргізілген кедендік бақылау кезінде 17 мыңнан астам темекі өнімдері, соның ішінде 1 800 электронды сигарет (вейп), 2000-ға жуық тері өнімдері, 300 сайғақ мүйізі, 100-ден астам бөтелке элиталық алкоголь өнімдері тәркіленді.

Сонымен қатар, Қорғас арқылы әскери мақсатта пайдалануға болатын қосалқы мақсаттағы тауарлар да заңсыз өткізілуде. 2023 жылдың басынан бері үш дрон, 107 фляжка, 85 полицей формасының белгілері, 215 кепка мен футболка тәркіленген.

Заңсыз валюта айналымы

Қорғас арқылы тек тауарлар емес, сонымен қатар заңсыз валюталық операциялар да жүзеге асырылуда. Осы жылдың алғашқы сегіз айында 2,3 миллион доллардан астам ақша жасырып, шекарадан өтпек болғандарға тосқауыл қойылды. 2022 жылдың 14 наурызындағы Президент Жарлығына сәйкес, 10 мың доллардан астам қолма-қол валютаны шетке шығаруға тыйым салынған.

Заңбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының статистикасындағы айырмашылықтар

Комитет Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы туралы мәліметтердегі елеулі айырмашылықтарды атап өтті. Қазақстан тарапынан 19,3 миллиард доллар, ал Қытай бойынша 29,1 миллиард доллар көрсетілген. Бұл айырмашылық 33,8% құрайды.

Қазақстанның Қытайға экспорты 9,8 миллиард долларды, ал Қытайдың импорты 10,8 миллиард долларды құрады. Мұнда да 9,5 пайыз айырмашылықты көруге болады. 

Қорғас: Заңсыздықтың ордасы

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында осындай келеңсіздіктер көптеп кездескендіктен халық арасында «қарғыс атқан» деп аталуда. Мұнда көптеген лауазымды тұлғалар қолға түскен. Мысалы, «Қорғас ісі» аясында 80 адам түрмеге қамалды. Халықаралық орталықтың басшысы Василий Нидің 1 миллион доллар парамен ұсталғаны әлі күнге дейін есте сақталады. Содан бері 10 жыл өтті, бірақ жылына екі-үш рет коррупциямен күресушілер бұл жерде біреуді ұстауға әлі де тырысады. Жақында Қазақстан территориясында алты заңсыз казино мен бір жезөкшелік үй жабылды, оларды ұйымдастырған Қытай азаматтары болып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғас #заң бұзушылық #кедендік бақылау #тауар айналымы #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);