Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстанда криптовалюта мен майнинг қалай заңдаст...

Қазақстанда криптовалюта мен майнинг қалай заңдастырылады?

Қаржы 16.10.2022, 10:41 1,750
Қазақстанда криптовалюта мен майнинг қалай заңдастырылады?
Сурет: Vedomosti.ru

Бүгінде бір миллионнан астам Қазақстан азаматы шетелде криптовалютаны саудалап, пайда тауып отыр.


Мәжіліс криптовалюта мен майнингке қатысты заң жобасын әзірледі. Осы аптада төменгі палата депутаттары оны бірінші оқылымда мақұлдады. Енді екінші оқылым бар. Оған дейін заң жобасына тағы бірқатар түзету енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Дегенмен қазірдің өзінде осы саладағы негізгі талаптар белгілі және алдағы уақытта өзгеріске ұшырамайтын сияқты.


Бейсресми мәліметке сәйкес, бүгінде бір миллионнан астам Қазақстан азаматы шетелде криптовалютаны саудалап, пайда тауып отыр.


Майнерлер заңды тұлға болып тіркеледі


Жаңа заң жобасын дайындауға бір жыл кеткен екен. Мамандар криптобиржа мен майнинг саласын көлеңкеден шығарып, барлығына ортақ салық жүйесіне енгізуге тырысты. Осы құжат қабылданса, майнерлер, трейдерлер мен инвесторларға нақты талап қойылады. Олар:


майнингке лицензия алу;


криптобиржаларды "Астана" Халықаралық қаржы орталығында ашу;


майнингтен түскен табыстың 75 процентін отандық криптобиржаларда айырбастау;


қосымша салық төлеу.


Осылайша, майнерлер Қазақстанда ресми түрде тіркелуге міндетті болады.



"Бұл дегеніміз, майнерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, салық салынатын субъектіге айналады. Майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігі болады", - дейді депутат Екатерина Смышляева.



Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда майнингпен айналысатын 150 компания болған.


Вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, осы уақытқа дейін үштен бір бөлігі басқа елге кетіп қалды немесе жабылды. 50 компания ресми түрде тіркелді.



"Қалғаны заңсыз майнинг болып саналады. Оларға қатысты сұрақ көп. Құрал-жабдықтарды қалай әкеліп жүр? Энергияны қалай тұтынады? Қай жерде орналасқан?", - деді Нұрмағанбетова журналистерге берген сұхбатында.



Алайда бүгінде майнингті үйде жасайтын азаматтар да жоқ емес. Алдағы уақытта олар ресми түрде тіркелуге міндетті болады. Ал лицензияны цифрлық даму министрлігі береді деген жоспар бар.


Криптобиржалар қалай жұмыс істейді


Қазақстанда критовалютамен төлем жасауға тыйым салынған. Депутат Смышляеваның сөзіне қарағанда, үімет пен ұлттық банктің осы мәселеге қатысты ұстанымы әзірше өзгермейді. Олар криптовалютаға сенбейді. Сондықтан криптобиржаларды "Астана" Халықаралық қаржы орталығында ашуға шешім қабылданды, бірақ сауда-саттық орталық аймағынанда ғана жасалады. Осылайша, криптовалютамен табыс тауып жүрген адам биржада тіркелуге міндетті болады.


Депутат Ғазиз Құлахметовтың айтуынша, бюджетке де қыруар қаржы түсуі керек.



"Бейресми деректерде осы криптомен айналысатын адамдардың қаржы айналымы мөлшері алдыңғы жылдары 5 миллиард доллар болды дейді. Егер расында солай болса, онда қазынаға біраз салық түсуі керек еді, бірақ ондай ақшаның түскені сезілген жоқ", - дейді Құлахметов.



Сол бейресми мәлімет бойынша бүгінде халықаралық криптобиржаларда бір миллионнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Барлығы криптовалютаны саудалайды. Оны сұр схемалар арқылы айырбастау фактілері де жоқ емес. Осылайша, криптовалютамен жасалатын операциялардың барлығы дерлік көлеңкеде қалып отыр. Соның бәрін қазақстандық биржаларға ауыстырудың нәтижесінде айырбастау операцияларының ашықтығын қамтамасыз ету жоспарланған.


Ал майнерлер 2024 жылдан бастап табыстың 75 процентін отандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеледі. Олардан қолданыстағы салықтан бөлек сыйақысына қосарланған құн салығы, майнинг пулдың табыс салығы, сондай-ақ, криптобиржадағы операциялар үшін төлем алынады.


Қазіргі жоспар бойынша криптобиржалар мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады. Майнингке қажетті құрал-жабдықтардың реестрі де енгізіледі. Соның арқасында Қазақстанда жеткізілетін құрал-жабдықтар бақылауға алынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#криптовалюта #майнинг #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика