AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда 8000-нан астам дәріхана мен 1900-ден а...

Қазақстанда 8000-нан астам дәріхана мен 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді

Медицина 28.03.2025, 12:49 433 dulatbekova
Қазақстанда 8000-нан астам дәріхана мен 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда дәрілік заттардың цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесіндегі дәрілік айналымның барлық қатысушыларының интеграциясы аяқталды.

Бүгінгі таңда жүйеде 19 отандық тауар өндіруші, 276 көтерме сату субъектісі, 8000-нан астам дәріхана және 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ірі дистрибьюторлар таңбаланған препараттардың 60,9 млн қаптамасын әкелуді жүзеге асырды, оның 46 млн-ы айналымға енгізілді. Дәріхана ұйымдары 48,4 миллион қаптама қабылдады, ал айналымнан шығарылған дәрі-дәрмектердің саны 29,2 миллион қаптаманы құрады.

Цифрлық таңбалау енгізілген сәттен бастап, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап отандық өндірістің 110,4 млн қаптамасы таңбаланды, 76,8 млн.айналымға енгізілді.

Бұл ретте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (МПТ АЖ) дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау мен айналымнан шығарудың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.

Мәселен, 2025 жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша медициналық ұйымдарда таңбаланған дәрілік препараттардың шығу деңгейі 53,2%-ды құрады, бұл қаңтар айының соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 17,1%-ға жоғары. Дәріхана ұйымдарында таңбаланған дәрілік заттардың айналымынан шығару ұқсас кезеңде 24,3%-ға өсіп, 60,3%-ды құрады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі таңбалау операторымен айналымға қатысушыларды оқыту және консультация беру бойынша жүйелі жұмысты, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының барлық кезеңдерінде бақылау тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ақпараттық жүйелердің талдамалық модулдерін жетілдіру процесін жалғастыруда.

Қазақстанда барлық дәрі-дәрмектерді міндетті цифрлық таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілгенін - бұл шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмектер нарығының ашықтығын арттыруға бағытталғанын естеріңізге сала кетейік. 2024 жылғы қарашада таңбалау және қадағалау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді, онда жобаның техникалық және ұйымдастырушылық дамуының негізгі бағыттары айқындалды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #медицина #дәріханалар #медұйымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);