AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтарға Еуропаға виза алу жеңілдейді

Қазақстандықтарға Еуропаға виза алу жеңілдейді

Әлем 28.03.2025, 13:04 525 yakiya
Қазақстандықтарға Еуропаға виза алу жеңілдейді
Аlmaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бұл жаңалықты өте жылы қабылдағанын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласты қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қазақстанның Еуропа одағымен арадағы ықпалдастықтың болашағы талқыланды. Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кая Каллас Қазақстанның Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі екенін ерекше айтты. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Оның пікірінше, Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту процесі басталды.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың жаңалықты өте жылы қабылдағанын жеткізді. Бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға жол ашады.

Тоқаев пен Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібін де талқыға салды. Осы орайда Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады.

Сондай-ақ, кездесуде "Орталық Азия – Еуропа Одағы" форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қасым-Жомарт Тоқаев #Еуропа Одағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);