«Невада–Семей»

«Невада–Семей»

Аталған қозғалыстың тарихы, бүгіні мен болашағы талқыланды


Ұлттық кітапхана қабырғасында «Невада–Семей» қозғалысының қатысушылары бас қосты. Іс-шараға «Невада–Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов, Журна­листика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан Журналистика академиясының вице-президенті, «Невада–Семей» қозғалысының вице-президенті Валерий Жандәулетов және өзге де зиялылар қатысты.


Іс-шара барысында Қазақстан тарихында­ғы ең маңызды бетбұрыстардың біріне әкел­ген «Невада–Семей» қозғалысының тарихы бүгіні мен болашағы талқыланды.



– Кеңестік кезеңде ядролық жарылыс­тың гүл бейнесін алғашқы болып Семей тұр­ғындары көрді. 29 тамыз күні, 1949 жыл. Одан кейін 40 жыл бойы қазақстандықтар ядролық сынақтың зардабын шекті. Сол сы­нақтар шын мәнінде қанша адамның өмірін құртқанын білмейміз. Бұл деректер мүмкін біреуге белгілі шығар, бірақ бізге әлі жеткен жоқ, – деді Олжас Сүлейменов. Ол сондай-ақ қозғалыстың алғашқы қадамдарын еске алды.



– Кеңестік билік 1963 жылдан бері жер асты сынақтарына көшті. Сондықтан біз жарылыстардың адамдар үшін зияны жоқ деп ойлайтынбыз. Мен де бәрі секілді сынақ­тың қауіпсіздігіне сенетінмін. Ал алғашқы жарылыстан 40 жыл өткен соң, 1989 жылы ақпан айында маған әскери ұшқыш хабарлас­ты. Ол маған кез келген сынақтың қаупі бо­латынын айтты. Кеңестік басшылар жел тек батысқа соққанда сынақ өткізеді екен. Бірақ соңғы жарылыс кезінде дұрыс есепте­меген болуы керек, улы газ бүкіл аумаққа та­рап, әскерилердің отбасыларына да зиян тигізіпті, – деп еске алды қоғам қайраткері.


Олжас Сүлейменов айтылған оқиғадан соң Жазушылар одағының қабырғасында «Кітапсүйер қауым күні» деген атпен Семей­дегі сынақтар туралы айтатын жиналыс аша­ды.



– Радиодан «Кітапсүйер қауым күніне» орай жиын өткізетінімізді және Семей поли­гонының мәселесі жайлы қысқаша сөз қозға­латынын хабарладым. Бірақ жиналыстың өзіне «кітапсүйерлер» емес, полигонға қарсы қауым жиналды. Сонда көпшілік «Полигон жойылсын» деп айқайлады. Мен бұл сөздерді ұранға айналдыруды ұсындым. Осы жиында «Невада–Семей» қозғалысының негізі қалан­ды, – деді О.Сүлейменов.



Дөңгелек үстел барысында өзекті мәсе­лелер талқыланған соң Журналистика акаде­миясының президенті Сағымбай Қозыбаев Олжас Сүлейменов атындағы сыйлықтың биылғы лауреаты Азат Әкімбекті марапатта­ды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:52

17:12

16:52

16:50

16:46

16:37

16:12

15:50

15:44

15:41

15:32

15:01

14:55

14:00

13:44

13:35

13:27

13:23

13:16

12:09

11:59

11:58

11:58

11:42