ffin.kz

Мегаполис мәселелерін шешудің жаңа тәсілдері

Мегаполис мәселелерін шешудің жаңа тәсілдері almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022  жылы Алматы қаласының әкімдігіне қойған басты тапсырмалардың бірі - «қаңтар» оқиғалары барысында қираған қаланың инфрақұрылымы мен іскерлікті қалпына келтіру болатын.


Осыған орай, Алматы қаласының әкімдігі келесі шараларды қабылдады:



  • Зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд. теңге залал өтелді, оның 95% қысқа мерзімде төлемдер алды.

  • Барлық жеке тұлғаларға 615,3 млн. теңгеге мүліктік залал өтелді.


        Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 2022 жылы қосымша 16,8. теңге бөлінді. Қаржы Полиция департаментінің көлік құралдары мен 3050 камераны қалпына келтіруге, қаржылай өтемақы төлеуге және арнайы техника, жабдықтар сатып алуға жұмсалды.


2022 жылы Алматының экономикалық өсуі 5,1% деңгейінде болды. Өңдеу өнеркәсібі экономиканың өсуінің драйвері болды. Өсім 13% құрады. Қабылданған шаралар мегаполис экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 57,8% дейін арттыруға мүмкіндік берді.


Алматы – мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз ететін донор. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматының үлесі 26,2% құрады.


2022 жылы республикалық бюджетке 2 трлн. 961,7 млрд. теңге түсім жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 41,9% құрады.


Жергілікті бюджетке 1 трлн. 175,2 млрд. теңге түсті, бұл 2021 жылға қарағанда 42% артық. Түсімдердің өсуі барлық бюджеттік міндеттердің орындалуын қамтамасыз етті.


2022 жылы игерілмеу
29,7 млрд. теңгені құрады. Алайда, 7,1 млрд. теңге – 2023 жылы қайта пайдалануға рұқсат етілген Ұлттық қордың қаражаты, 5,8 млрд. теңге – үнемдеу және 1,7 млрд. теңге – жергілікті атқарушы орган резервінің қалдығы.


Осылайша, мердігерлердің жауапсыздығына, ұзақ конкурстық рәсімдерге және басқа да жағдайларға байланысты 15,1 млрд. теңге игерілмей қалды.


2022 жылы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Қаланың ерекшелігін ескере отырып мегаполис мәселелерін шешудің жаңа тәсілдері анықталды.


Өзгерістер Қала құрылысы кеңесін құруға, Жылжымайтын мүлікті ресімдеу жөніндегі комиссияны құруға, Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекітуге, Алматының Дизайн кодын әзірлеуге және басқаларын бекітуге мүмкіндік берді.


Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жүйелі мәселелерін шешу үшін 2022 жылдың қыркүйек айында мәслихат  «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекітті.


Даму бағдарламасын іс жүзінде іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен Жол карталары бекітілді.


Қажетті қаражат Мәслихаттың 2022 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінде көзделген.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51