AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда халықаралық сарапшылар қазіргі заманғы қа...

Алматыда халықаралық сарапшылар қазіргі заманғы қауіп-қатерді еңсеру мәселелерін талқылады

Саясат 16.06.2023, 04:47 1,404 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда халықаралық сарапшылар қазіргі заманғы қауіп-қатерді еңсеру мәселелерін талқылады
Сурет: senate.parlam.kz

Алматыда өңірлік САМСА (Орталық Азия - Моңғолия - Кавказ - Ауғанстан) форумы болды. 10 елдің өкілдері қатысқан форумда халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен өңірлік және жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараны АҚШ-тың танымал талдау орталығы – Орталық Азия және Кавказ институты және Дональд Рамсфельд атындағы америкалық қор ұйымдастырды.


Форумда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асқар Шәкіров негізгі баяндама жасады.


Шараға қатысушылар еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасымен танысты. Дүрбелеңге толы әлемдегі геосаяси жағдайды еңсеру аясында Орталық Азия елдері мен өңірдегі орнықты дамудың негізгі себебі ретінде өзара байланысты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.


photo


Сенатор интермодальдық коммуникациялар мен сауда ағындарының халықаралық нарықтарға өткізу мүмкіндігін едәуір кеңейте алатын орта дәлізді (Транскаспий көлік бағыты), «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық «Бір белдеу. Бір жол» көлік дәлізін дамыту жөніндегі еліміздің күш-жігері туралы айтып берді.


Өңір алдында тұрған жаңа сын-қатерлер жағдайында Орталық Азия мемлекеттерінің көпжоспарлы ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Қазіргі кездегі өзара көпжақты іс-қимылдың әлеуетіне өңір елдерінің Парламентаралық форумының жұмысы Орталық Азиядағы орнықты дамудың стратегиялық бағыттарын талқылайтын тұрақты диалог алаңы ретінде жәрдемдесетін болады.


Қазақстандық депутат озық тәжірибемен алмасу және заң шығару қызметінің барысын зерделеу мақсатында Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық, оның ішінде парламенттік байланыстар аясындағы әріптестікке ерекше маңыз беретіні туралы айтты.


Форумға қатысушылар осындай сипатта Әзербайжан мен Өзбекстанда өткізілген кездесулер мен пікір алмасу қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарапшы #талқыла #қауіп-қатер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда NEET-жастар саны азайды

Бүгін 12:19

Алматыда 18 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысады

Бүгін 12:10

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды

Бүгін 11:07

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Бүгін 11:03

«Көшпенді мұрасын күллі әлемге танытқым келеді» - шебер  

Бүгін 10:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);