Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шекарашы курсант – үздік студент атанды

Шекарашы курсант – үздік студент атанды

Білім және ғылым 16.06.2023, 04:40 1,338
Шекарашы курсант – үздік студент атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылы 1 қыркүйектегі: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Жолдауын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында Жоғарғы білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Республикалық  «Жаңа Қазақстандағы – Үздік студент» форумын ұйымдастырған екен.


Іс-шараның негізгі мақсаты – Республикадағы дарынды жастар арасында байланыс орнату. Патриоттық сезімдерін, шығармашылығын шыңдау, инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту.


  Конференцияға ғалымдар,  қоғам қайраткерлері  және БАҚ өкілдері мен бірге ҚР ҰҚК Шекара академиясы 3-оқу дивизионының курсанты Қобыланды Айдос Дауренұлы  да қатысқан болатын. Аталмыш конференцияның нәтижесінде, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында курсант Қобыланды Айдос Дәуренұлы 2022/2023 оқу жылында  «Үздік студент» атанып, Қазақстанның үздік студенті дипломымен және медалімен марапатталған.


Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, бүгінде Шекара академиясының мақтанышына айналған А.Қобыланды Солтүстік Қазақстан облысының Павлодар қаласының тумасы. 2020 жылы осындағы №35 жалпы орта мектепті үздік аттестатқа бітірген.


Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ әр пән бойынша аудандық, облыстық, Республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанған екен. Білім-ғылымға жаны құмар шекарашы курсанттың айтуынша, ол кішкентайынан әскери қызметші болуды армандаған. Шекара академиясында оқып жүргенін мақтан тұтады екен.



«Шекара академиясы түсіне білген адамға бір үлкен әскери ұжым. Мұнда барлығы бір-біріне оқуда, спортта және басқа да іс-шараларда көмектеседі. Біздің ұранымыз: «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Курсанттың өмірі өте алуан түрлі және күнделікті студенттік өмірден ерекшеленетін жарқын оқиғаларға толы. Академияда оқып жүрген жылдарды жәй ғана қағазға жазып жеткізу мүмкін емес, тіпті ауыз екі тілде айтып жеткізе алмайсың. Оны тек жан дүниеңмен сезінуің керек. Ол үшін өзің осы ортада өмір сүруің керек.


Мен оқу-білімге құмар ізденімпаз курсанттардың барлық сауалдарына жауап бере алатын, жаунгерлік даярлықтағы жетістіктеріміз үшін, сондай-ақ жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін академияның профессорлық-оқтыушылар құрамына ризамын. 


Менің ойымша, әскери оқу орнында оқуға екінің бірінің жүрегі дауалай бермейді. Өйткені, олар темірдей тәртіпті талап ететін әскери өмірдің қиыншылықтарына шыдай бермейді. Мұнда тек нағыз өз елінің патриоттары ғана оқиды. Олар Отанға қызметті –абройлы міндет деп қана түсінеді», - дейді полковник Қайрат Мұхаметжанов жетекшілік ететін 3-оқу дивизионның курсанты Айдос Дәуренұлы бізге берген сұхбатында.   


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекарашы #үздік #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика