Кәсібін жетік меңгерген маман жұмыссыз қалмайды

Кәсібін жетік меңгерген маман жұмыссыз қалмайды aqshamnews.kz

Алматы сервис және технологиялар колледжі – еліміздегі жетекші білім беру ұйымдарының бірі. Қабырғасы сонау ХХ ғасырдын 50-ші жылдарында қаланған.

Ширек ғасырлық тарихы бар оқу ордасы – «Алматы сервис және технологиялар кол­леджі» өз кәсібін жетік меңгерген, нарықта сұранысқа ие мамандар даярлап келеді. Қазіргі таңда колледжде 1100 студент білім алып жатыр. Олардың сапалы білім алулары­на жан-жақты жағдай жасалған. Заманауи жабдықталған 250 орынды жатақхана бар. Колледжде білім алып жатқан әлеуметтік аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, үздік оқитын, ерекше білімді қажет ететін және ата-ана қамқорлығынан айырыл­ған балалар үшін жол ақысы және шәкіртақы­ға үстемақы қарастырылған.

Колледж «Шаштараз өнері», «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «Қонақүй биз­несі», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Туризм», «Химиялық тазалау» сияқты на­рық сұранысына сай кәсіби мамандарды да­йындап, оқытып келеді.

Кезінде «Қазпромсовет учкомбинаты­ның» базасында құрылған Алматы өнеркәсіптік кооперация техникумы бүгінде еліміздегі ТжКБ жетекші оқу орындарының бірі. Техникумда «Металдарды кесу арқылы суық өңдеу», «Былғары өндірісі», «Бухгал­терлік бөлім» мамандықтары бойынша күндізгі бөлім ашылған. «Тігін өндірісі тех­нологиясы», «Аяқкиім өндірісі технология­сы» мамандықтары бойынша кешкі және сырттай бөлім ұйымдастырылды. «Ағаш-жи­һаз өндірісі және металл өңдеу» жаңа маман­дығы бойынша оқыту енгізілді. Көп ұзамай техникум базасында тігін шеберханалары ұйымдастырылып, артынша оның атауы ҚазКСР Жоғары және орта арнайы білім ми­нистрлігі жанындағы «Жеңіл өнеркәсіп тех­никумы» болып өзгереді.

Осы уақыт ішінде білім беру бағдарлама­сына «Мақта-иіру өндірісі», «Аң терісі және қой терісі-тон бұйымдарының технология­сы», «Тоқылған өндіріс технологиясы», «Тұрмыстық мақсаттағы электр аппаратура­сы», «Киімді химиялық тазалау және бояу» мамандықтары қосылып, «Жоспарлы-эконо­микалық бөлімше» және «Техник-электрик­тер» мамандықтары ашылды. Өткен ғасыр­дың жетпісінші жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар (атап айтқанда, есту қабі­леті нашар) оқушыларға арналған алғашқы «Технолог-жоспарлаушы» арнайы тобы құ­рылып, сол жылы «Фототехника» маманды­ғы ашылды.

Оқу ордасы қазақ өнерінің дамуына да зор үлес қосқанын атап айтуға тиіспіз. Бұған 1976 жылы ашылған «Көркем-костюм бөлімшесі» мамандығы дәлел болса керек. Сол жылдары техникумда еліміздің театры мен киносының, Мәскеу қаласының мемлекеттік академиялық Үлкен театрының, «Мосфильм» киностудия­сының белгілі қоюшы-суретшілерімен және режиссерлерімен жиі кездесулер ұйымдасты­рылды. Сол үрдіс әлі күнге жалғасып, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен, республикамыз­дағы басқа да театрлармен табысты еңбек етіп келеді. Осынау жылдар ішінде «Тоқыма жаб­дықтарын жөндеу және баптау», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары қазақ тілінде оқытыла бастады. Нарық тала­бына сай «Әрлеу өндірісінің технологиясы» мамандығы ашылды.

Оқу мекемесі 1995 жылы «Алматы сер­вис колледжі» болып өзгертіліп, «Қонақүй шаруашылықтары мен туристік кешендерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Әлеу­меттік жұмыс» мамандығы (әлеуметтік қыз­меткер, заңгер біліктілігі бойынша) ашылды. Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойын­ша қалалық Білім басқармасына қарасты «Алматы сервис колледжі» мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорны 2008 жылы «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазына­лық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Колледж ұжымы «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша «WorldSkills Almaty» халықаралық чемпио­натына қатысып, бірінші жүлделі орынға, осы жылы Мәскеу қаласында өткен «Этно- Эрато – 2018» ұлттық костюмнің ХVІІІ Еура­зиялық Жоғары сән байқауында «Қалалық коллаж» коллекциясымен бірінші жүлделі орынға, «Этно-Эрато – 2019» ұлттық кос­тюмнің ХІХ Еуразиялық Жоғары сән бай­қауында «Заманауи костюмдегі этникалық мотивтер» номинациясы бойынша «Самғау» коллекциясымен екінші жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, Якутск қаласында «Этно- Эрато – 2022» ұлттық костюмнің ХХІ Еура­зиялық Жоғары сән байқауына қатысып, «Үздік Шығыс костюмі» номинациясында бірінші жүлделі орынға ие болды.

Колледждің білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін оқу-материалдық базасы өте бай. Оқу орнында асхана, жатақхана, акт залы, тігін шеберханалары, химиялық таза­лау зертханасы, шаштараз салондары, «Жас маман» жобасы бойынша тігін ісінің ресурс­тық оқу орталығы және тағы басқа қажетті құрылғылар бар. Заманауи инфрақұрылымға ие оқу орны жас ұрпаққа сапалы білім беру жүйесіндегі маңызды әрі негізгі буын болып табылады.

Колледж «Шаштараз өнері», «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандықтары­мен қоса, соңғы уақытта «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша да білім беріп жатыр. «Жас маман» жобасы бо­йынша шеберлеріміз сырлы оюдың сызбасын нақышына келтіріп, қазақ елінің ғана емес, әлем сахнасын мойындататын сән әлемі ав­торларының қатарынан көрініп жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Бұл ретте оқу орны ерекше қабілетті қажет ететін балаларға тәрбие мен білім бере отырып, еліміздегі бір­шама кәсіпорындардың сұранысын қамтама­сыз етіп отырғанын ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында колледж Алматы қаласы бойынша алғашқы болып, «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығына Франция елінің Париж қаласы­нан Еуропалық аймақта жоғары білім сапа­сын қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен ұсыныстардың ағымдағы нұсқасы негізінде аккредиттеуден өтіп, Францияның алдыңғы қатарлы оқу орындарымен өзара іс- тәжірибе алмасу бағытында Меморандумға қол қойды. Колледждің негізгі мақсаты – жеңіл өнеркәсіптің, IT-технологиялардың, сондай-ақ жетекші кәсіпорындары талап ететін қызметтер мен бизнес саласының бо­лашақ мамандарын, қоғамның зияткерлік элитасын дайындау болып табылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:49

19:09

19:02

18:52

18:47

18:47

18:41

18:34

18:23

18:13

18:07

17:37

17:32

17:31

17:26

17:20

17:13

17:05

16:53

16:44

16:30

16:11

16:04

15:31

15:17