AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда өз банк деректерін өзгеге пайдалануға бер...

Алматыда өз банк деректерін өзгеге пайдалануға берген дроппер ұсталды

Барлығы 23.10.2025, 16:45 482 dulatbekova
Алматыда өз банк деректерін өзгеге пайдалануға берген дроппер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында жергілікті тұрғын жаңа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Аталған бап өз банк немесе тіркеу деректерін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға беруге тыйым салады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Еске сала кетейік, "дропперлер" деп аталатын тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Жаңа норма алаяқтардың ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруына немесе басқа шоттарға аударуына мүмкіндік беретін қаржылық делдалдардың әрекетіне тосқауыл қоюды көздейді. Тергеу барысында жеке кәсіпкер өз тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға бергені анықталды. Осы деректер арқылы алаяқтық белгілері бар күмәнді ақша аударымдары жүзеге асырылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

-Бұл – заңсыз қаржылық операциялар үшін банктік деректерін пайдалануға берген жеке адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған еліміздегі алғашқы оқиға. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалып келген қаржылық алаяқтық тізбегін тиімді түрде тоқтатуға мүмкіндік береді. Полиция осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қатаң түрде жалғастырады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Мұндай әрекет, шот иесі пайда таппаған жағдайдың өзінде, қылмысқа қатыстылық ретінде қарастырылуы мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дроппер #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика