Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нью-Йорк мэрі Қазақстан мұрасын дәріптеу күнін жар...

Нью-Йорк мэрі Қазақстан мұрасын дәріптеу күнін жариялады

Әлеумет 23.10.2025, 16:30 522
Нью-Йорк мэрі Қазақстан мұрасын дәріптеу күнін жариялады
Сурет: СІМ

Манхэттеннің қаржы орталығында Қазақстанның Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті, - хабарлайды Aqshamnews.kz

Іс-шараға Нью-Йорк мэриясының, дипломатиялық корпус өкілдерінің, БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің, Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулдығының, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жастар өкілдері қатысты.

Биылғы рәсімнің маңызын арттырған оқиға — Нью-Йорк мэриясының еліміздегі Республика күніне орай «Қазақстан мұрасы күні» (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялаған ресми прокламациясының табысталуы болды.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс қол қойған бұл тарихи құжат Қазақстанға деген құрмет пен қазақстандық қауымдастықтың қаланың мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесін танудың белгісі ретінде қабылданды.

Прокламация Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық байланыстардың беріктігін айғақтап, Нью-Йорк қаласының өзара құрмет пен халықаралық серіктестік қағидаттарына адалдығын білдірмек.

Қала әкімшілігі атынан құттықтау сөз сөйлеген Халықаралық істер жөніндегі арнайы кеңесші Чарльз Даймонд диаспораның мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қолдау білдірді.

Іс-шара барысында АҚШ-та тұратын қазақстандықтардың рөліне ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тлеулин Нью-Йорк мэриясына ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, прокламацияның табысталуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен өзара құрметтің маңызды белгісі екенін атап өтті.

«Sony» компаниясының аға вице-президенті Галия Тлеуова жас кәсіби мамандардың Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтудағы маңызын атап өтіп, шетелдегі отандастардың жетістіктері елдің жаңғыру бағытының жалғасы екенін айтты.

Мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбы Нью-Йорк киноакадемиясының (NYFA) аға вице-президенті Дэвид Клайнның сөзінде ерекше аталды. Ол Алматы қаласында Академияның жаңа кампусының ашылғанын еске салып, қазақстандық жастардың қатысуымен бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Салтанатты шараға Нью-Йоркте тұратын америкалық музыкант Джефф Герш (Jeff Gersh) ерекше күй берді. Ол қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны меңгергенін паш ете отыра, өзінің орындауында қазақтың дәстүрлі музыкалық туындыларын ұсынды.

Қазақ диаспорасы өкілі, «Viva Music Carnegie Hall — 2022» байқауының жеңімпазы Гүлзар Габман (Gulzar Gabman) қазақ әндерімен жұрт қошеметіне ие болды. Шара барысында шырқалған әуендер екі ел арасындағы мәдени өзара іс-қимыл мен достықтың шынайы көрінісіне айналды.

Еске сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нью-Йорк мэрі #Қазақстан мұрасы #дәріптеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика