AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / №196 мектепте Республика күні кең көлемде аталып ө...

№196 мектепте Республика күні кең көлемде аталып өтіп жатыр

Барлығы 23.10.2025, 16:17 966 dulatbekova
№196 мектепте Республика күні кең көлемде аталып өтіп жатыр
№196 жалпы білім беретін мектеп

Алматы қаласындағы №196 жалпы білім беретін мектепте 13–23 қазан аралығында Республика күніне арналған патриоттық және мәдени іс-шаралар легі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Мерекенің басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына бейжай қарамау қасиеттерін қалыптастыру болды.

Іс-шаралар аясында 1–11 сынып оқушыларына Тәуелсіздік пен егемендік тақырыбындағы ашық сабақтар ұйымдастырылды. 4-сынып оқушыларының «Менің елім – менің отбасым» атты сурет көрмесі көрермендердің көңілінен шығып, жас қылқалам шеберлерінің елге деген сүйіспеншілігін айқындады. 5-сынып оқушыларының «Қыран елім – Қазақстаным!» флешмобы мен жоғары сынып оқушыларының «Қазақстан болашағы» атты эссе байқауы мектептің мерекелік рухын одан әрі арттыра түсті. Үздік шығармалар авторлары марапатталып, жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана емес, қоғаммен де байланыс орнатты. 7-сынып оқушылары аудан ардагерлеріне арнайы барып, өнерлерін көрсетті, жылы лебіздерін білдіріп, қариялардың батасын алды. Ал 10-сыныптар «Дәмді Қазақстан» ұлттық тағамдар фестивалі аясында түрлі ұлттардың ас мәзірін таныстырып, ел бірлігінің дәмін ұсынды. Сонымен қатар, мектепішілік спорттық жарыстар мен ұстаздардың «Менің елім осындай!» әнімен шырқаған хоры мерекенің ажарын ашты.

Республика күніне арналған барлық іс-шаралар оқушылардың ұлттық сана-сезімін нығайтып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Мектеп ұжымы мен оқушылары ұйымдастырған мерекелік шаралар ел бірлігінің, татулық пен патриотизмнің жарқын көрінісіне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#196 мектеп #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика