Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нотариаттық қызметтерді алу айтарлықтай жеңілдеді

Нотариаттық қызметтерді алу айтарлықтай жеңілдеді

Әлеумет 23.10.2025, 13:01 452
Нотариаттық қызметтерді алу айтарлықтай жеңілдеді
Сурет: Gov.kz
«Цифрлық нотариат» жобасының мақсаты – азаматтарға нотариалдық қызметтерді онлайн форматта, нотариуске бармай-ақ, ыңғайлы әрі қауіпсіз түрде көрсету.
 
Қазіргі уақытта цифрлық форматта келесі қызметтер ұсынылады: цифрлық сенімхаттар; некеде тұрмауы туралы өтініш; жұбайының келісімі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
Бүгінгі таңда 520 мыңнан астам нотариалдық қызмет цифрлық түрде көрсетілді, бұл халық арасында сервистің жоғары сұранысқа ие екенін дәлелдейді. Қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін тұлғаның биометриялық сәйкестендіруі, нотариуспен өзара әрекеттесуді бейне тіркеу қолданылады. 
Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
 
 

Оның айтуынша, «Цифрлық нотариат» жобасы нотариалдық қызметтерді халыққа барынша қолжетімді, қауіпсіз және тиімді етіп, заманауи талаптарға сай етеді.

«Әлеуметтік тұрғыдан тағы бір маңызды жоба – нотариустың атқарушылық жазбасын цифрландыру. Бұрын бұл рәсім тек қағаз түрінде жүргізіліп, бірқатар проблема туғызған еді: нотариустар, микроқаржы ұйымдары және жеке сот орындаушылары арасындағы келісім жағдайлары; борышкерлердің материалдарға уақтылы қол жеткізе алмауы; қарсылықтарды жедел жіберудің мүмкін еместігі; аумақтық қағидаттың бұзылуы;  жыл сайын әділет органдарына 7 мыңға жуық шағым түсуі. Осы мәселелерге жауап ретінде барлық іс-әрекетті тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін цифрлық механизм енгізілді», – деді Б.Молдабеков. 

Борышкердің жеке кабинеті құрылып, ол арқылы хабарлама алу және қарсылық жіберу мүмкіндігі берілді. Егер қарсылық негізді болса, нотариус атқарушылық жазбаны міндетті түрде жоюға тиіс, өйткені бұл жағдайда қарыз даусыз болып саналмайды. Нәтижесінде 19 800 атқарушылық жазба жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және теріс пайдалануды жою бағытындағы маңызды қадам болды. Осылайша, рәсімнің цифрландырылуы жүйені әділ, ашық етіп, барлық қатысушының құқықтарын қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әр азаматтың құқықтары қорғалады. Оны іске асыру және тегін заң көмегінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Әділет министрлігі «Е-Заң көмегі» атты бірыңғай цифрлық жүйені құрды. Бұл жүйе мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін электрондық форматта көрсетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлық нотариат #нотариаттық қызметтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика