Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Медеу» кешенін жаңарту кезінде оның тари...

Алматыда «Медеу» кешенін жаңарту кезінде оның тарихи келбеті сақталады

Барлығы 23.10.2025, 15:05 465
Алматыда «Медеу» кешенін жаңарту кезінде оның тарихи келбеті сақталады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Медеудің» ауқымды жаңғыртылуы: экопарк, ашық аспан астындағы бассейн және демалыстың жаңа мүмкіндіктері

Алматыда бірегей нысан – биік таулы спорт кешені «Медеуді» жаңарту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жобаның басты мақсаты – нысанның сәулеттік және тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи, энергия үнемдейтін әрі халықаралық стандарттарға сай кеңістік қалыптастыру. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.
 
Қазір дайындық кезеңі жүріп жатыр, алдағы уақытта құрылыс аймағы қоршалып, негізгі жұмыстар басталады. Жоба аясында мұз айдынына арналған жаңа тоңазытқыш жүйесі орнатылады, инженерлік коммуникациялар толық жаңартылып, кешен газбен қамтамасыз етіледі. Мұздың сапасы мен жағдайын нақты уақыт режимінде бақылайтын жасанды интеллект жүйесі энергия тұтынуын 25%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрермендерге арналған жылы әрі жеке реттелетін орындықтар қойылады.

Шығыс қанаттағы қонақ үй қазіргі нөмірлер қорын сақтай отырып, «төрт жұлдыз» стандартына сай қайта жобаланады. Сонымен бірге спортшылар мен келушілерге арналған заманауи оңалту орталығы ашылады. Онда сауна, массаж бөлмелері және шұғыл әрі профилактикалық көмек көрсетуге арналған медициналық бөлім жұмыс істейді.

Кешен аумағында «3D» тұжырымдамасына негізделген интерактивті музей экспозициясы жасақталады. Ол заманауи мультимедиялық және көрме жабдықтарымен толық қамтылады. Батыс трибунада аумағы 900 шаршы метр болатын кофеханалары мен демалыс орындары бар кең терраса пайда болады. Ал кешен алдындағы кеңістікте, жер асты автотұрағының үстінде SUN-DECK атты демалыс аймағы құрылып, ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін көпфункционалды қоғамдық алаңға айналады.

Заманауи спорттық және сауықтыру кешенін жасауға ерекше көңіл бөлінген. Бұрынғы машина залының маңында көлемі 25×15 метр, жылы суы бар ашық бассейн салынады. Келушілердің ыңғайы үшін трибуна мен қабылдау бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б. қызмет көрсету ғимараты қарастырылған. Бұл жаңа бассейн жыл бойы жұмыс істеп, қала тұрғындары мен туристерге тау баурайында таза ауада жүзу мүмкіндігін ұсынады. 

Кешеннің айналасында серуен жолдары бар ерекше экопарк салу жоспарланған. Ол жерден жасанды сарқырама, Кіші Алматы өзені мен таудың әсем көрінісін тамашалауға болады. Негізгі нысандарды және жаңа демалыс аймақтарын байланыстыратын шығыс және батыс бағыттарда жүргіншілерге арналған екі көпір салынады.

Сондай-ақ, жергілікті климатқа төзімді жаңа ағаштар мен бұталар егіліп, бүкіл аумақ заманауи жарықтандыру және сәулеттік шамдармен безендіріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы үшін екі жолаушы жедел саты орнатылады.

Бұл жұмыстар 2027 жылдың 4-ші тоқсанына толық бітеді деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика