Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасөспірімдер кәсіптік білім алды

Жасөспірімдер кәсіптік білім алды

Әлеумет 23.01.2025, 10:01 691
Жасөспірімдер кәсіптік білім алды
Қылмыстық-атқару жүйесі

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінің аумағында №2 кәсіптік-техникалық мектебі жұмыс істейді. Бұл білім ошағында сотталып, жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер кәсіптік білім алады.

Иә, қазіргі күні бас бостандығынан айырылған жастар осы мектеп ғимаратында «Электрдәнекерлеуші», «Металл бойынша токарь», «Механикалық жинау жұмыстарының слесары» мамандықтарын меңгеріп жүр. №2 кәсіптік-техникалық мектебі былтырдан бері Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің құрамына кірді.

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер жоғарыда аталған топтарда жарты жыл бойы, әр аптаның алты күнінде оқиды. Бір күндік сабақтарының ұзақтығы – үш сағат. Өндірістік тәжірибе кәсіптік-техникалық мектептің цехтарында өтеді. Тәжірибе аяқталып, емтихандар тапсырылған соң, сотталған балаларға мемлекеттік үлгіде мамандығын меңгергені туралы куәлік беріледі.

– Баршамызға белгілі, биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Біздің түзеу мекемесінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер бас бостандығынан айырылғанымен, білім алу құқығынан айырылған жоқ. Олар да барлық игілікті игеруге құқылы. Бүгін біз «Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары» бойынша білім алған жеті жазасын өтеуші жасөспірімге сертификат табыстадық. Әдетте сотты болған адамның бостандыққа шыққан соң қоғамға бейімделуі қиын. Ал бізден білім алған жастар осы кәсіптік куәліктерінің арқасында ертең жұмысқа орналасып, қоғамға сәтті кіріге алады деп сенемін, – дейді №11 мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Сүлейменов.

Мамандық иеленген жасөспірімдердің қуанышына ортақтасуға келген Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директоры С.Сүлейменовтің айтуынша, күз айынан бастап жазасын өтеуші жасөспірімдерге стипендия тағайындалады. Демек, олар колледж студенттері сияқты тең дәрежеде білім алып, болашақта диплом иеленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #мамандық #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика