AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Ең ауқымды домбыра сабағы» Гиннестің рекордтар кі...

«Ең ауқымды домбыра сабағы» Гиннестің рекордтар кітабына енеді

Мәдениет 25.05.2022, 04:44 1,861
«Ең ауқымды домбыра сабағы» Гиннестің рекордтар кітабына енеді
Сурет: Elorda.info

Мыңнан астам оқушы ұлттық аспаппен белгілі күйлерді орындады.


Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте өткен домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі. Елордадағы физика-математика бағытындағы НЗМ-де 2021-2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталды. Бұл сабаққа 1 032 оқушы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Сабақты қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар, аталған туындыларды бірге орындады.


Ел астанасындағы физика-математика бағытындағы NIS-те домбыра бойынша эллективті курстар 2016 жылы енгізілді. Айтжан Тоқтағановтың жетекшілігімен құрылған мектепішілік «Жігер» ансамблі - көптеген республикалық және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпазы, «Sun of Italy» итальяндық фестиваль-байқауының бас жүлде иегері, АҚШ-тың атақты Гарвард пен Бостон университеттері және Массачусетс технологиялық институты сахналарында өнер көрсетті.


Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілген болатын.


Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қамтамасыз етеді.


Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушылар екі тіркеу пунктінен өтеді: біріншісі – жеке бейдждерін сканерлейді және «Кандидат-маркер» бағдарламасы арқылы аймаққа кіреді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізеді.



Бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындауы - әлемдегі тұңғыш оқиға. Сондықтан қазақстандық рекорд аса көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі деп жоспарланып отыр.



Бүгінгі таңда еліміздегі барлық NIS-те домбыра пәнінің эллективті курстары енгізіліп, оның аясында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлерінің тарихы міндетті түрде оқытылады, ал ең танымал жобалардың қатарында «100 күйдің тарихы» жобасы, барлық мектептерде домбыра ансамбльдері мен студиялары жұмыс істейді, домбыра сабақтары математика, физика, шет тілі сабақтарымен ұштастырылып, жас музыканттар «Ұлы дала мұрагерлері» дәстүрлі флешмобында жыл сайын ел сахналарын бағындырып келеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рекорд #домбыра сабағы #күй #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);