AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы...

Алматы қаласы оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктері

Әлеумет 25.05.2022, 04:48 1,870
Алматы қаласы оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктері
depositphotos.com

Алматы қаласы оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктері көңіл қуантады


1. Зияткерлік


 2021-2022 оқу жылында Алматы қаласы мектептерінің 30 мыңнан астам оқушысы 85 қалалық, 57 республикалық, 18 халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысты, оның қорытындысы бойынша 4 045 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.


16 пән бойынша жалпы білім беретін жыл сайынғы ең басты республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы 1-орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда-2022» атанды, жалпы біздің оқушылар 88 жүлделі орынға: 16 алтын, 27 күміс және 45 қола медальға ие болды.


Алматы қаласының құрама командасы ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша да алда келеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушылар 51 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 12 күміс және 31 қола, нәтижесінде республика бойынша жалпы командалық есепте 1-орын алды.


2. Спорттық


Ағымдағы жылы Алматы қаласында спорттың 10 түрі бойынша ұлттық мектеп лигасының іріктеу кезеңдері өтті, онда 5-11 сыныптардың 97 мыңнан астам оқушысы қатысты.


2022 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі өткізіледі. Бүгінде Алматы мектептерінің оқушыларының қоржынында жалпы командалық есепте 2 бірінші, 1 үшінші орын бар.


Француз Нормандиясында 2022 жылдың 14-22 мамыр аралығында спорттың 20 түрі бойынша Бүкіләлемдік гимназиада өтті. Бұл - 16-18 жастағы мектеп оқушылары үшін үлкен мультиспорттық оқиға. Қазақстан Республикасының құрамасы алғаш рет қатысып, 85 медальға ие болды, оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Ел құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болып, көшбасшылар үштігіне енді. Қазақстан Республикасы құрамасының ішіндегі 25 спортшы Алматы қаласының оқушылары, олар Дүниежүзілік гимназиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.


3. Шығармашылық


Биылғы оқу жылында халықаралық деңгейдегі түрлі шығармашылық фестивальдар мен байқауларға Алматы қаласынан 4 мыңнан астам оқушы қатысып, олардың қорытындысы бойынша барлығы 137 жүлделі орынға ие болды: Гран-при - 33, 1-орын - 31, 2-орын - 42, 3-орын - 31.


13 республикалық шығармашылық байқау мен фестивальге 2 мыңнан астам бала қатысып, 1-орынды - 12, 2-орынды - 18, 3-орынды - 15 оқушы иеленді.


Қалада 230 мыңнан астам баланы қамтитын 20 ауқымды шығармашылық фестиваль, форумдар, конкурстар, слеттер мен көрмелер өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #жетістіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);