500 бала бір мезетте күй тартты
Елімізде жаңа Конституцияны қолдау мақсатында өткізілген «Күй күмбірі» акциясы барысында мектеп оқушылары мен студенттер ұлттық домбыра және басқа дәстүрлі аспаптарда күйлер орындап, мәдени мұраны дәріптеді. Шара балалардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімін арттыруға бағытталды.