Бұл жаңару «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz
2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңгебөлінді. 2022 жылдан бері қаржыландыру 2,6 есегеартты. Осы кезеңде жалпы құны 39,1 млрд теңгеніқұрайтын 938 жоба іске асырылды.
Медеу ауданы бағдарламаның белсендіқатысушысы – өткен жылы ауданда «Халыққатысатын бюджет» қаржыландыруы 25%-ға өсіп, 1,6 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге жетті.
«Бұл аулада «Халық қатысатын бюджет»ибағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстарыжүргізілді. Жөндеу барысында кішіархитектуралық нысандар орнатылып, футбол алаңы салынды. Ауланың айналасына жасыл желекотырғызылып, автоматты суару жүйесі қойылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін резеңке жабындытөселді.
Жобаның бастамашысы – осы ауданныңтұрғындары. Олар эскиздік жобаны әзірлеп, бағдарламаға қатысуға өтінім берген. Бұл аулада 20 жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан тұрғындарөз мүлкіне ұқыппен қарайды», – деді Медеу ауданыәкімі аппаратының коммуналдық шаруашылықбөлімі бас маманы Алмас Серіков.
Айта кетейік, 2024 жылы «Халық қатысатынбюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзегеасырылды.
«Ауламызда жөндеу жұмыстары 2024 жылдыңқыркүйегінде басталды. Бұған дейін өз күшімізбенабаттандыруға тырысып, ағаш отырғызғанбыз. Ол кезде ауламыз қараусыз, топырағы қопарылыпжатқан еді. Аудан әкімдігіне үлкен алғыс айтамыз, көп көмектесті. Арнайы бағдарламаға қатысып, тұрғындарымыз да қолдау көрсетті. Енді бәрімізриза болып отырмыз. Әрине, ауа райынабайланысты жұмыстар сәл созылды, бірақ негізгішаруа былтыр аяқталды. Қазір ауламызда балалармен спорт алаңы бар. Сондай-ақ, балалар туғанкүндерін атап өтетін орындық қойылған күркеорнатылды», – деді ауланың басқарушысы Евгений Закржевский.
«Мұндай абаттандырылған ауланың болғанынабәріміз өте қуаныштымыз. Себебі тұрғындардыңбарлығы бұл іске мүдделі болды. Жоба әзірлеукезінде әрқайсысы өз үлесін қосты. Аудан әкімдігінің қолдауымен осындай әсем аулаға қолжеткіздік. Үлкен еңбегі үшін ауламыздыңбасқарушысы Евгенийге алғыс айтамыз. Ол әрқашан тазалық пен тәртіпті қадағалап жүреді. Қазір автоматты суару жүйесі орнатылды. БұрынЕвгений ағаштар мен гүлдерді суару үшіншелекпен су таситын», – деді аула тұрғыны Гүлзара Мұқатаева.
Айта кетейік, қаржыландыру көлемінің артуы жәнетұрғындардың белсенді қатысуы (2023 жылы дауысберу 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсті) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасыныңтиімділігін көрсетеді.
«Мен бұл аулада 1972 жылдан, үй салынған кезденбері тұрамын. Шынымды айтсам, бүгінгі көрініскесоңғы жылдары ғана қол жеткіздік. Ауланыңабаттандырылуы – балаларға қуаныш сыйлаған қосалаңның пайда болуы. Күн сайын олардың ойнапжүргенін көремін. Барлығы сапалы жасалған. Ал футбол алаңы нағыз тартылыс орнына айналды – көршілердің бірі балаларды тегін жаттықтырады.
Бұл – тұрғындардың еңбегі. Өйткені олар жобалаумен келісу жұмыстарына белсенді қатысты. Ауданәкімдігіне де алғыс айтамын, бюджет бөліп, мердігерді анықтап берді. Әсіресе, әр процестіқадағалап отырған Евгенийге ризашылығымдыбілдіремін», – деді аула тұрғыны Асқар Ибраев.
Медеу ауданындағы ХҚБ – қала тұрғындары мен билік арасындағы диалогтың жарқын үлгісі. Қаржыландырудың артуы мен нақты жобалардыңжүзеге асуы (мысалы, Барибаев–Гоголь көшелерінің қиылысындағы жұмыстар) аула мен қоғамдық кеңістіктің жайлылығы мен қауіпсіздігітұрғындар бастамасының нәтижесіне айналыпотырғанын көрсетеді. Бағдарлама қаланыңжанданып, абаттандырылған ортаға айналуынаықпал етуде.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасымегаполисті көркейту ісінде билік пен халықтыңсеріктестігінің нақты үлгісіне айналды. Мәселен, Алатау ауданындағы Қарасу шағынауданындаБағаналы орда көшесінің бойында жақындаашылған саябақ бүгінде маңайдағы тұрғындардыңбас қосатын сүйікті орнына айналды.