AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде ревматология ғылыми орталығы құрылады 

Елімізде ревматология ғылыми орталығы құрылады 

Медицина 30.04.2024, 05:45 1,213 Almaty-akshamy.kz. 
Елімізде ревматология ғылыми орталығы құрылады 
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан ревматологтарының 7-ші конгресі мен Азия-Тынық мұхиты аймағы ревматологтар қауымдастығы лигасы мен Еуразиялық ревматологтар лигасы симпозиумы кезінде айтылды. Мұндай ауқымдағы алғашқы диалог алаңы Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Таиланд, Германия және басқа да мемлекеттерді қоса алғанда, 20 елдің жетекші ревматолог мамандарын біріктірді. 


Үш күнге созылған отырыс барысында ревматоидты артрит, васкулит, остеопороз және микрокристалды артрит сияқты өзекті ауруларды емдеудің заманауи әдістері талқыланып, инновациялық әзірлемелер ұсынылып, ынтымақтастықтың алдағы перспективалары талқыланды. Сондай-ақ цифрлы визуализация жүйесі бар медициналық бұйымдардың көрмесі ұсынылды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, омыртқа мен буын ауруларымен әлем халқының 4%-дан астамы ауырады. Ревматикалық аурулардың кесірінен мүгедектік қамытын кигендер – 10%, ал еңбекке уақытша жарамсыз болып қалған жандар саны 30%-ды құрайды. Елімізде өткен жылдың соңында тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тінінің жүйелі ауруларымен 400 мыңнан астам науқас тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Оның үстіне ауру жыл сайын «жасарып» барады. Осы факторлардың барлығы бұл мәселені шешуге ғылыми, кешенді көзқарас қажеттігін көрсетеді.
Алматыда ревматология ғылыми орталығын құру ревматология мен жалпы медицинаны дамытудағы маңызды қадам болмақ.



– Санжар Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің базасында Ұлттық ғылыми орталықтың құрылуы ревматологияның деңгейін айтарлықтай көтереді. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. Біз бұл жобаны жүзеге асыру жолында көп жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Ұлттық ғылыми орталықтың жұмысы еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы барлық жаңалықты енгізуге бағытталатын болады. Сонымен қатар отандық медицинаның ғылыми қызметі әлемдік қауымдастыққа интеграцияланатын болады. Тағы бір маңызды вектор – адам ресурстарын және білім беруді дамыту. Алғашқы көмек көрсететін дәрігерлердің, емханалардың, жоғары мамандандырылған мамандардың ғана емес, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен терапевтердің де білімін арттыру қажет. Өйткені біздің жұмысымызда ауруды жіберіп алмау өте маңызды, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, Қазақ ревматология алқасының (QCR) және Еуразиялық ревматологтар лигасының (LEAR) президенті, профессор Ғалымжан Тоғызбаев.




Отандық және шетелдік сарапшылар мұндай ғылыми орталықты құру қажет, ал қазіргі симпозиум халықаралық байланыстарды орнатуға жақсы бастау болатыны туралы ортақ пікірге келді.



– Қазақстанда бірнеше мықты ревматологиялық мектептер бар. Әрине, мұндай ғылыми орталық оларды топтастыруы керек. Бұл көптеген себептерге байланысты қажет. Біріншіден, бұл осы салада кәсіби кадрларды тәрбиелеуге қолайлы болады. Екіншіден, бұл ауқымды ғылыми қызмет. Қазір ревматология жаңа препараттарды жасауда онкологиядан кейін екінші орында тұр. Және бұл медицинадағы прогрестің қозғалтқышы, өйткені жаңа әдістер емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады, – деп атап өтті Ресей ревматологтары қауымдастығының президенті Евгений Насонов.




Симпозиум барысында пайдалы сессиялар өтті. Остеопороз, қызыл жегі және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Бұл кеселдерді емдеудің инновациялық әдістері ортаға салынды.
Катар ревматология қауымдастығының президенті, Хамад медициналық корпорациясының (Катар, Доха) ішкі аурулар факультетінің ревматология бөлімінің өкілі Самар Аль Эмадидің айтуынша, бұл бастама шын мәнінде әртүрлі мамандар арасындағы ынтымақтастықтың көкжиегін ашады. 


Меймандар симпозиум соңында ару Алматыны аралап, шаһарымыздың келбетіне оң баға берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ревмотология #медицина #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);