Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ДАМУ» қорының алдағы даму жоспары талқыланды

«ДАМУ» қорының алдағы даму жоспары талқыланды

Әлеумет 24.01.2024, 14:23 953
«ДАМУ» қорының алдағы даму жоспары талқыланды
Сурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың төрағалығымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Стратегиялық сессиясы өтті.


Ұсынылған стратегия жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында айтылған тапсырмасын, атап айтқанда мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру арқылы орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа кешенді тәсілдерді қалыптастыру қажеттігін қамтиды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Стратегияға сәкес, «Даму» Қоры ел экономикасын дамыту үшін әлеуетті орта бизнестің дамуын ынталандыруға барынша серпін беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде шикізатқа тәуелсіз секторлардағы экспортқа өнім шығаратын және импорттың орнын басатын жобаларға басымдық беріледі.

ШОБ-ты дамытудағы мемлекеттік құралдардың бірі – кепілдіктің аясын кеңейту көзделген. Бұл құрал ЕДБ өтімділігін ел экономикасын несиелеуге тарту мәселесін шешуге ықпал етеді.

Әр өңірдің ерекшелігі мен басымдық берілген салаларын ескере отырып, әкімдіктермен бірлескен өңірлік қаржы бағдарламаларды дамыту да жоспарда бар.

Мұнымен қатар Қор нарығының өнімдері арқылы балама қолдау құралдарын дамыту көзделген. Осы бағыттың негізгі мақсаттарының бірі – бизнес-жобаларды инвестициялауға жеке нарықты кірістіре отырып, ШОБ-қа қаржы тарту мүмкіндігі болмақ. ШОБ-ты қамтуда ислам қаржы құралдары мен факторинг операцияларын дамыту маңызды рөл атқарады.
Стратегия бизнес-процестерді цифрландыру үшін IT мен технологиялық шешімдер енгізіп, фронт-кеңсені онлайн форматқа көшіру және тиімді жұмыс істейтін экожүйе құруға да баса назар аударады. Бүгінде кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қордың барлық бизнес-процестері кәсіпкердің өтінім беруінен бастап субсидиялау/кепілдік беру шартына қол қоюға дейін цифрланған.

Қор жасыл және әлеуметтік жобаларды қоса алғанда, ESG-жобалар үлесін арттыру, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау арқылы өз қызметіне «ESG» факторларын енгізуді және интеграциялауды жалғастырады.



Үкімет елімізде ШОБ-ты дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Бұған осы саладағы көрсеткіштер дәлел. Мысалы, шағын және орта бизнес өнімдерін өндіру 47,2 трлн теңгеден асты, жұмыспен қамтылғандар саны 4,3 млн адамды құрайды. 2023 жылы 12,3 мың жоба субсидияланды, жалпы несие сомасы 1 трлн теңгені құрады. Несие сомасы 363 млрд теңге болатын 8,2 мың жобаға кепілдік берілді. Үкімет экономика өсімінің негізгі драйвері ретінде ШОБ-ты дамыту шараларын жалғастырады. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін, оның лимитін арттыру және ШОБ субъектілерін көптеп қаржыландыру мақсатында субсидиядан кепілдік пен қорландырудың балама құралдарына қарай көшу қажет, - деп атап өтті министр.



Сессия барысында негізгі қатысушылардың жаңа ұсыныстары мен көзқарастары тыңдалды. Қордың құралдары мен қызметін одан әрі жетілдіру жолдары айқындалды. Жиын соңында қатысушылар стратегиялық сессияда айқындалған мақсаттар мен жоспарлар «Даму» Қорының елдегі кәсіпкерлікті дамыту миссиясын табысты жүзеге асыруын жалғастыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#даму #кәсіпкер #бизнес-жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Бүгін 15:20

Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумда дауыс берді

Бүгін 15:19

15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Бүгін 15:14

Бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімінің ашық өтіп жатқанын айтты

Бүгін 15:05

Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика