Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Біз бәріне де шыдаймыз!..»

«Біз бәріне де шыдаймыз!..»

Әлеумет 03.10.2024, 18:30 892
«Біз бәріне де шыдаймыз!..»
Сурет: ҰҚК Шекара қызметі

Менің қарсы алдымда 450-дей сарбаз сап түзеп тұрды. Бұл – ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөліміндегі көрініс. Қарбалас. Өйткені, шекарашылар сапына алынған сарбаздар бөлімнің орталық алаңында саппен жүрудің қырлары мен сырларын үйренуге кірісіп кеткен еді.

«Біз жанбасақ, лапылдап!..» Осындайда, әрбір өлеңі от болып келетін Мағжан Жұмабаевтың жастары еріксіз еске түседі. Ал мына алаңдағы сарбаздар ше? Лапылдап жануға дайын ба? Сөйтсек, дайын екен. Тіпті, шекараға тап болып, шекарашы атану үшін өздеріне қойылатын талаптардың үдесінен шыққандар жеткілікті көрінеді. Мұнда, тағы, бауыржаншылар мектебінің түлегі де бар. Қуанарлығы сол, кешегі кадет өзінің әскери мектептен алған білімін өзі секілді жас сарбаздарға үйретуге белсене кірісіп кетіпті. Бізді тәнті еткен де жас жігіттің осы қадамы еді. Осының өзі бөлек мақалаға сұранып тұрғандықтан, қатардағы жауынгер Жантемір Жақсылық туралы бөлек қалам тербеуді шештік.

Саптық алаң. Мұнда әскер қатарына бұрынырақ алынғаны бар, кейінірек келгені бар, барлығы саптық дайындыққа қатысты жаттығуларды орындап жатыр. Қимылдары әр түрлі. Командирі «Оңға» десе, солға бұрылған сарбаздарды көріп, басымызды еріксіз шайқадық...

Десек те, бұл уақытша көрініс екенін білеміз. Дәл қазір алаңда тұрған сарбаздар енді бір айдан кейін мүлде танымастай болып өзгеретініне, бұйрықсыз қозғалмайтын нағыз шекарашыға айналатынына сеніміміз кәміл.

Алты немесе тоғыз айдан кейін олардың арасынан суырылып шығып, келісімшарттық әскери қызметші, отандық немесе шетелдік әскери жоғары оқу орындарының курсанты болып шығатындары да ғажап емес.

Тек, мұны уақыт көрсетеді. Ал қазір олар да: «білсем, көрсем, үйренсем» деген жалғыз-ақ тілек бар.

Бұл туралы Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы подполковник Сағадат Әуезов бізге берген сұхбатында былай дейді:

– Бүгінге дейін біз 500-ге жуық әскерге шақырылушыны қарсы алып, әбден үйреншікті болған міндетімізге кірісіп кеттік. Жігіттердің арасында спортшы, жоғары немесе арнайы орта білімділер аз емес. Ақыл тоқтатқан, сабырлы. Үйреткен нәрсені тез қағып алуға тырысып тұрады. Біз де өз кезегінде олармен әңгіме өткізіп, азаматтық борыштарын өтеген соң өздеріне берілетін мүмкіндіктер туралы айтып, жолдарын түсіндіруге тырысамыз. Күні кеше ғана департамент бастығының орынбасары полковник А. Мұналбаев осында келіп, сарбаздармен әңгімелесті. Әскери өмірдің қатал тәртібін түсіндірді. Оқуға түсуге шақырды. Қала берді, шекара басқармасының әйелдер кеңесі де бізге жиі келіп, жеке құраммен жеке жұмыс істеуде.

Осылайша, жылдағы дәстүрмен, «бір жеңнен бас, бір жағадан қол шығарсақ», ұтылмасымыз анық.

Иә, сардар дұрыс айтып тұр еді. Нағыз әскери орта жас сарбаздарға құшағын ашты. Ендігі міндет айқын. «Күз-2024» шақырылымы дайындықтан өтіп, шекарашылық шеберліктерін шыңдаған соң бір-бір мамандық иелері атанып, шекараға аттанады. Бұл үшін олар бәріне шыдауға бар!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара қызметі #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика