Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жас кадеттер ант қабылдады

Жас кадеттер ант қабылдады

Әлеумет 03.10.2024, 18:10 1,132
Жас кадеттер ант қабылдады
Сурет: ҰҚС Шекара қызметі

Болашақ Отан қорғаушылар – еліміздің өскелең ұрпақтарын патриоттық рухқа тәрбиелеу үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар ұшан-теңіз.

Атап айтсақ, шекара аймақтарындағы мектептерде әскери-патриоттық клубтар мен әскери сыныптар ашып, жас кадеттердің бастапқы әскери даярлықтарын шыңдауға кіріскен шекарашылардың бұл еңбектері еш кетпегенін айтуымыз керек.

Бүгінге дейін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан ашылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының кадеттері республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлдесіз оралған күндері жоқ. Бұдан бөлек, Бақытжан Перімбетов басқаратын клубтың кадеттері департамент аясында өтетін шараларға белсене атсалысқандары, олардың тауға жасаған жорықтары жайында ведомстволық газет бетінде аз жазылған жоқ. Енді міне, осынау алғашқы қарлығаштардың клубын жаңа әскери сынып толықтырған...

Бұл – Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесіндегі Қырғауылды ауылының К. Ушинский атындағы орта мектебінде ашылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбы. Департамент бастығы полковник Ә. Каюповтың тікелей қолдауымен, қыркүйектің басында алқызыл лентасы қиылған су жаңа сыныптың 20-дан астам оқушысы бүгін маңызды оқиғаның куәсіне айналды. Өйткені, осы сәттен бастап, олар толыққанды кадетке айналатын болады.

...Аталған білім ошағының басшысы С. Айтулова бастап келген 8 «Б» сыныбының кадеттерін үстеріне киген формалары ерекшелендіріп тұр еді. Дегенмен, оларды «кадет» деп атауға әлі ерте. Қазір шекара бөлімшесі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант А. Тұраров бастаған шекарашылардың алдында «Кадеттер антын» қабылдайды. Әрі қарай, офицер оларды осы сәттен бастап, кадет болғанын айғақтайтын арнайы сертификат табыстайды.

Айту керек, біздің алдымызда көзді ашып-жұмғанша кадетке айналып шыға келген балалардың бақыттан бал-бұл жанған жүздерін көру бір ғанибет болды. Өздерінің де бүгінгі шараға әбден дайындалғаны, олардың әскерилерге барынша ұқсауға тырысқан қимыл-қозғалыстарынан байқалып тұр.

Тағы бір қуанарлығы, бүгін 10 сыныптың 5 оқушысы департамент басшысының атына әскери жоғары білім ошақтарына оқуға түскісі келетіндері туралы өтініш қалдырды. Әрі қарай, олардың құжаттарын дайындаумен департаменттің лауазымды тұлғалары айналысады...

Осылайша, «Ерлік сабағының» ашылуымен ант қабылдау рәсімі аяқталып, кадеттер сарбаз ағаларымен бірге естелік суретке түскен соң бөлімшенің өмірімен танысуға кірісті. Алдымен, бөлімшенің желкесінде тұрған шекаралық бақылау мұнарасына көтеріліп, айналаға дүрбімен шолу жасап, өздерін нағыз шекарашы сезінген кадеттер әрі қарай із зерделейтін қалашыққа барды. Мұнда аға лейтенант Арман Тұраров оларға шекара бұзушының ізін табу үшін не істейтіндерін қызықты етіп әңгімелеген.

Балаларды шекарашылардың ел шебіндегі сенімді көмекшілері – қызметтік иттер де өз тілдерінде «қуана» қарсы алған. Бір қызығы, жай кездері азаматтық киімдегі адамдарды көре салып, айналасын азан-қазанға толтырып шыға келетін иттер біздің жас достарымыздың алдында момақан бола қалған. Сөйтсек, қызметтік иттерді «тыныштандырған» балақайлардың үстіндегі форма көрінеді... Итпісің деген!

Сөйтіп, қазақ-қырғыз шекарасын көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген қаскелеңдік шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысып, ерекше әсерге бөленген «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының кадеттері шара соңында қайтадан сапқа тұрды. Сосын білім ошағының басшысы Сапура Әлімханқызы өздерін құшақ жая қарсы алып, тамаша көңіл-күй сыйлаған шекарашыларға алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айналып келгенде, осының барлығы қатарымызды жас патриоттардың толықтырғанын білдіретін...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отан қорғаушылар #шекара қызметі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика