Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір жылдың ішінде қазақстандық мұғалімдердің жалақ...

Бір жылдың ішінде қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 27% өсті

Әлеумет 26.08.2021, 09:47 2,076
Бір жылдың ішінде қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 27% өсті
Сурет: Yvision.kz

Келер жылы кейбір ұстаздардың айлығы тағы 25% көтеріледі.


Қазақстан ұстаздарының айлығы өсіп, бұл салаға келуші мамандарды саны арта бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz  сілтеме жасап.


2021 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның білім саласында жұмыс істеп жүрген азаматтардың саны 528,4 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға көп. Салыстыратын болсақ, өткен жылы бұл салада 515,5 мың адам жұмыс істеген, демек бір жылдың ішінде салаға келушілердің саны 2,9% өскен.


Республика өңірлерінің ішінде мұғалімдер саны Алматы облысында көп, олардың саны 68,3 мың адамға жетіп отыр. Үздік үштікке Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы жатады


Білім саласында жұмыс істейтін азаматтары аз өңірге Атырау облысы жатады. Бар болғаны 14,2 мың адам жұмыс істейді.



Білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 2021 жылдың екінші тоқсанында 233,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,8% -ға көп. Сатып алу қабілетінің индексі 18,1% құрады. 


Мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметкерлер республика бойынша орташа алғанда 116,4 мың теңге (нақты 20,1%қосылған), бастауыш білім мұғалімдері - 193,4 мың теңге (плюс 11,2%), орта білім беру ұстаздары - 273,7 мың теңге (плюс 19%), жоғары білім беретін мамандар - 251,7 мың теңге (плюс 12,2%) жалақы алды.


Косымша білім беру қызметі саласындағы жұмысшылар орташа есеппен 177,1 мың теңге алады, яғни айлықтары 11,6% көбейген.



Республика бойынша, білім беру саласының мамандары арасында астана мұғалімдері табысты болып келеді: 350,8 мың теңге - бір жыл бұрынғы жалақыдан 17,6% көптеу. Екінші және үшінші орындарға Маңғыстау облысы (268 мың теңге) мен Алматы (265,5 мың теңге) иеленді. Ең нашар көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында: 200,7 мың теңге, яғни 31,6%-ға көбейген. 


Қазақстан Республикасының 17 аймағының 5 -інде ғана жұмысшылардың жалақысы орташа республикалық деңгейден асып түсті, бұл бестікке Қызылорда мен Алматы облыстары да кіреді. 


2022 жылдың қаңтарында балабақшалар, мектептер мен колледждер мұғалімдерінің жалақысы тағы 25%-ға өседі, деп хабарлайды Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі. Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап мұғалімдерді қабылдау жүйесі өзгеруде және білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#учитель #мұғалім #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика