AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білімде шекара жоқ

Білімде шекара жоқ

Білім және ғылым 17.12.2024, 18:15 859 Рая ЕСКЕНДІР
Білімде шекара жоқ
Сурет: Kazgazeta.kz

«Алматы мектептері» жобасы аясында  қаламыздағы  мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп  басшылары Жапония еліне барып, әріптестерінің тәжірибесін  үйреніп қайтқан еді. Қазір сол тәжіртбені  Қазақстанға бейімдеу мүмкіндігін қарастыруды бастап та кетті.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, күншығыс еліне  жасаған сапар барысында  білім беру саласындағы тәжірибені, әсіресе мектепке дейінгі және мектептегі  білім беру әдістерін, инновациялық педагогикалық тәсілдерді және оқу үдерісін ұйымдастыруды зерттеу мақсатында ұйымдастырылған. Топ құрамына Алматы қаласында инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыс істейтін мамандар  да кірді.

Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбектің айтуынша, іссапар бағдарламасы білім беру мекемелеріне (балабақша, мектептер) баруды, жапондық педагогтармен, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және білім министрліктерінің өкілдерімен семинарлар мен тренингтерге қатысуды, сондай-ақ әріптестермен тәжірибе алмасуды қамтыған.

«Іс-шараның басты құндылығы – жапон білім беру жүйесінің ең үздік тәжірибелерін зерттеу. Бұл жүйе өзінің тиімділігімен, тәртіпке, ұжымдық жұмысқа және балаларда тұрақты дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударуымен танымал. Біз теориялық тәсілдердің практикада қалай жүзеге асырылатынын көріп, оларды жергілікті жағдайларға бейімдеу мүмкіндігін талқыладық», – дейді Айгүл Қасымбек.

Сәтін салса, жапон әдістемелері Алматының білім беру жүйесіне  сәтті бейімделуі мүмкін. Бұл, әсіресе, үлкендерді құрметтеу, тәртіптілік және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға қатысты, бұл қазақстандық дәстүрлермен үйлеседі. Дегенмен, әдістемелерді бейімдеу үшін Қазақстанның мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін де  ескеру қажет.

Қазақстанда бұған дейін Азия елдерінің білім беру модельдерінің жекелеген элементтері, мысалы, топпен жұмыс істеу дағдыларын ерте дамыту және жобалық оқыту енгізілген еді. Алайда бұл тәжірибелер  жүйелі түрде енгізілмеді. Сондықтан аталмыш  сапар Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады.

Жалпы, жапон педагогикасы  Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарымен үндес екені байқалады.

«Мағжан  Жұмабаев бала бойында  рухани және адамгершілік қасиеттерді ұжымдық іс-әрекет арқылы дамытудың  маңыздылығын ерекше атап өткен. Бұл жапондық білім беру жүйесінің де басты аспектілерінің бірі. Бұл елде үлкендерді құрметтеуге, еңбекқорлыққа, ұжымдық жауапкершілікке және топ ішіндегі үйлесімге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл Мағжан Жұмабаевтың тәрбиені тек білім беру ғана емес, сонымен қатар мықты мінез-құлық пен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру деп түсінетін педагогикалық көзқарастарымен ұқсас. Сондай-ақ, жапон әдістемесі тәртіп пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, бұл қазақ педагогының философиясына сәйкес келеді. Осындай ортақ қағидаттар жапон тәжірибесін Қазақстанның білім беру жүйесіне ұлттық дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді ескере отырып сәтті бейімдеуге мүмкіндік беретін сыңайлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Жапония #тәжірибие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);