Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыстың бас басылымы

Батыстың бас басылымы

Әлеумет 03.10.2023, 04:54 975
Батыстың бас басылымы
almaty-akshamy.kz

«Атырау» газетіне – 100 жыл


Алғашқы саны 1923 жылы «Ерік» деген атаумен жарық көрген басылым осы аралықта «Құрмет белгісі» орденімен марапатта­лып, Бүкілодақтық сыйлыққа да ие болған. Ғасырлық мерейтой­ға орай Атырау қаласында ауқымды жиын өтті. Оған елге таны­мал қаламгерлер мен ардагер журналистер, сондай-ақ Алматыдан арнайы барған «Alatau Аqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы қатысты.


Газеттің алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылы сәуірдің 1-і күні шық­ты. 1924 жылы 23 тамыз – «Жұмыскер тілі», 1930 жылдың қыркүйегінен «Жем жұмыс­шылары», 1932 жылғы сәуірден – «Ленин жолы», 1933 жылғы қыркүйектен – «Социа­листік құрылысқа», 1933 жылғы 5 қара­шадан – «Социалды құрылыс», 1963 жыл­дың мамырынан – «Коммунистік еңбек» деген атаумен, ал 1990 жылғы маусымның 30-ынан бері «Атырау» деген атаумен шы­ғып келеді. Ұзақ жыл бойы аптасына 5 рет шыққан газет соңғы жылдары аптасына үш рет шығады.



«Атырау» газеті – еліміздің батыс өл­кесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Газеттің негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған – 1923 жылы Гурьев уездік пар­тия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. Газеттің алғашқы санындағы бас мақаланың авторы да сол кісі еді. «Тірлік осымен табылады» деп аталған мақалада негізгі ой «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты – оның сауаттылығында» дегенге саяды. Облыстық газет өзінің бүкіл тарихында осы ойды жан-жақты насихаттаумен келеді. 2000 ж. басында газет таралымы 10 мың болса, бүгінде та­ралым 26 мыңнан асты.



Үнқағаз тарихы өте бай. Кезінде Әбу Сәрсенбаев, Асқар Тоқмағамбетов, Сәбит Мұқанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерға­лиев, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин мақала-өлеңдері мен әңгіме­лерін жолдап тұрған. Газетте Тауман Амандосов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Фа­риза Оңғарсынова, Марат Ысқақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі әдебиетші, жазушылар жұмыс істеп, қа­наттанды. Нұриден Мұфтахов, Тілек Дәу­летов, Ізімберген Ісхожин сынды респуб­ликаға танымал журналистер, әлем классиктерін қазақ, қарақалпақ тілдеріне алғашқы аударған Жүсіп Жантөрин, Қы­дырғали Сасықов сынды ертеде елге та­нылған аудармашылар жұмыс істеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#батыс #басылым #Атырау #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі