AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жастар мен қаржы: Алматыда "Қаржылық сауаттылық -...

Жастар мен қаржы: Алматыда "Қаржылық сауаттылық - табыс кілті" байқауы өтті

Барлығы 04.11.2025, 17:26 562 dulatbekova
Жастар мен қаржы: Алматыда "Қаржылық сауаттылық - табыс кілті" байқауы өтті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба өз мәресіне жетті.

Принтмедиа технологиялар колледжі оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Қаржылық сауаттылық – табыс кілті» атты қалалық байқау жастардың қаржы мәдениетін дамытуға және «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының мақсаттарын қолдауға арналды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Байқаудың негізгі мақсаты – студенттер арасында қаржылық сауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқаруға баулу және цифрлық дәуірдегі қаржы құралдарын дұрыс пайдалануға үйрету болып табылады.

Іс-шараға Алматы қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері белсене қатысты. Олар қаржы тақырыбына арналған қысқаметражды бейнероликтерін ұсынып, жеке тәжірибесі мен шығармашылық көзқарасын көрсетті. Жастар өз жұмыстарында алғашқы бюджетті қалыптастыру, цифрлық теңгенің мүмкіндіктері, қаржылық қателіктердің алдын алу және өз-өзіне инвестиция салу сияқты өзекті мәселелерді қозғады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік бейнероликтер іріктеліп, жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды. Іс-шара барысында жастар қаржыны тиімді басқару, табыс пен шығынды жоспарлау және саналы тұтыну мәдениетінің маңызын терең түсінді.

Бұл бастама елімізде «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының жалғасы ретінде жастар арасында қаржылық мәдениетті кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Аталған жоба аясында республика бойынша 845 мыңнан астам азамат, соның ішінде 18 мыңнан аса алматылық, қаржылық сауаттылық бойынша тегін оқудан өтіп, жеке бюджетті басқару мен қарыздық жүктемені азайту дағдыларын меңгерді.

«Қаржылық сауаттылық – табыс кілті» байқауы жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға және экономикалық тұрғыдан еркін болуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қаржылық сауат #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:30

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);