Алматыда Ресейлік 35 жастағы азаматша ұсталды

Алматыда Ресейлік 35 жастағы азаматша ұсталды Сурет: Polisia.kz

Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтарды полиция қызметкерлері анықтады. 


Polisia.kz мәліметінше, заңсыз еңбек етушілер «Нелегал» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Бұл іс-шара 2-8 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында қаланың Наурызбай ауданында ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды. Олар құрылыс және жол жұмыстарына заңсыз тартылған. Тексеру кезінде шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Сондай-ақ полиция мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматшасын ұстағаны туралы хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21