Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы тауларында қар жауды

Алматы тауларында қар жауды

Барлығы 04.11.2025, 17:05 885
Алматы тауларында қар жауды
Cурет: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты

Бүгін, 2025 жылғы 4 қазанда Алматы тауларында қар жауды.

Ақ ұлпаны «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының камералары түсіріп алған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бүгін Шымбұлақта нағыз қысқы атмосфера! Қар жауып, тау нағыз ертегіге айналды, — делінген курорттың жазбасында.

Кадрлардан таудың жоғары бөлігі аппақ қармен көмкеріліп, айналаны тұман басқанын көруге болады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК дерегінше, 4 қараша күні сағат 3:00–тен 20:00–ге дейін жалпы 5-6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градусқа дейін төмендейді. 5 қарашада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын (қалыңдығы 10 мм-ге дейін), көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +1…+3 °С шамасында.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысқанын хабарлаған едік.

«Алматы Тазалық» кәсіпорындарының базаларында жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қар түспей тұрып, магистральдық көшелерге алдын ала сұйық реагенттер себіледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Бүгін 16:42

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүріліп жатыр

Бүгін 16:39

Дәрігерлер баланы аман алып қалды: екі жастағы сәби қайшыға құлап, басына өткір зат кіріп кеткен

Бүгін 16:36

Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Бүгін 16:33

Алматыда инновациялық орталық салуға жер мемлекет мұқтажы үшін алынады

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика