Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада қазақ тазы тұқымды иттерді тану бойынша Х...

Астанада қазақ тазы тұқымды иттерді тану бойынша Халықаралық көрме өтті

Әлеумет 28.05.2024, 08:35 694
Астанада қазақ тазы тұқымды иттерді тану бойынша Халықаралық көрме өтті
Сурет: Gov.kz

Астанада Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастыруымен иттер көрмесі өтті.

Оның аясында арнайы халықаралық комиссия қазақ тазы тұқымының 100-ге жуық түрін зерттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға қатысушылар алдында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде: «Тазы – қазақтың алғашқы ит тұқымы, қазақ халқының мақтанышы, Жеті қазынаның бірі. Қазір қоғам мен мемлекеттің біздің тұқымдарды сақтау және молайту жөніндегі күш-жігерін шоғырландыру, олардың гендік қорын деградация мен метизациядан қорғау және қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері заңнамалық деңгейде бекітілді, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды» деп атап өтті.

Зерттеу қорытындысы бойынша комиссия көрмеде халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) бас комитетінің қазақ тазысын халықаралық тану және «Kazakh Tazy» брендін Қазақстанға бекіту туралы жұмыстар жасалып жоспарға алынатыны болады.

Қазақстан Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали бұл көрме иттердің сұлулығын көрсету ғана емес екенін атап өтті. Бұл қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар іс-шара, еліміздің ұлттық мақтанышы мен мәдени мұрасының нышаны-қазақ тазы тұқымын ұлттық қазына және бренд ретінде бекіту және халықаралық тану мүмкіндігі болып табылады.

Қазақтың ит тұқымдарын халықаралық деңгейде тану үшін FCI міндетті талаптарының бірі иттерді зерттеу, олардың шыққан еліндегі тұқымның жай-күйі мен даму перспективаларын зерттеу болып табылады.

Көрмеге қатысу үшін Қазақстан кинологтар одағы әртүрлі жас санаттары мен түстеріндегі 100 итті мұқият іріктеп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы #иттер көрмесі #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика