Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 28 мамыр – Халықаралық әйелдер денсаулығын қорғау...

28 мамыр – Халықаралық әйелдер денсаулығын қорғау күні

Медицина 28.05.2024, 08:45 908
28 мамыр – Халықаралық әйелдер денсаулығын қорғау күні
Сурет:Irgpc.ru

2022 жылы 218 213 онкологиялық пациент динамикалық бақылауда болса, былтырғы саны 5,7%-ке артқан. Оның 56%-тен астамы – әйел.

Ал қатерлі ісіктің таралуы бойынша бірінші орында сүт безі обыры тұр. 28 мамыр – Халықаралық әйелдер денсаулығын қорғау күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елде әйелдер арасында қатерлі ісікке шалдыққандар саны өршіп тұр. Бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі болса, одан кейін жатыр мойыны мен аналық без обыры тұр. Дертке шалдыққандардың дені 40 пен 50 жас арасында. Мамандардың айтуынша, дер кезінде скринингтен өту – қатерлі ісіктің алдын алуға көмек.

Меруерт Жұмажанова, медициналық-генетикалық консультациялар бөлімінің меңгерушісі: - Скринингтен өту тәсілдері немесе жалпы ағзаны толықтай тексерістен өткізу бұл әр адам үшін маңызды. Мамандар осы тексеріс арқылы қандай да бір ауытқу болмаса, қауіп барын анықтап, арнайы ем-дом жасайды. Бұл – қатерлі аурулардың ерте кезеңде анықтауға көмек.

2023 жылы динамикалық бақылауға 218 213 онкологиялық пациент тіркелген. Бұл 2022 жылға қарағанда 5,7%-ке өскен. Оның ішінде 43,7%-і ерлер болса, 56,9%-і – әйелдер. Былтыр 41 515 науқастан қатерлі ісік анықталса, оның 12 мыңнан астамы көз жұмған. Науқастардың 55,6%-і – 18 бен 64 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар. Ал сүт безі обырына шалдыққандардың ең жасы 23 жаста. 

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы: - Қазіргі кезде адам папилломасы вирусына қарсы вакцианцияны енгізу жөнінде жұмыс басталып жатыр. Осы Қазақстан Республикасында. Мұның өзектілігі – жатыр мойыны обыры, яғни бұл онкологиялық аурудың біздің елде өте жоғары көрсеткіште тіркелуі. Неге? Өйткені жыл сайын 1900-ден астам адам әйелдер осы ауруға шалдығады. Ол – өте үлкен көрсеткіш.

Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Ал республика бойынша 2000-ға жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Жақында Үкімет адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда екпе жұмысын жүргізуге 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Алдағы уақытта 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз баланы вакцинамен қамту көзделген.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйелдер денсаулығы #қорғау #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика