Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /  Ассамблея өңірлік жұмысты күшейтіп, мәдени мұраны...

 Ассамблея өңірлік жұмысты күшейтіп, мәдени мұраны дәріптеу ісіне үлес қосуы керек

Әлеумет 24.04.2025, 12:16 723
 Ассамблея өңірлік жұмысты күшейтіп, мәдени мұраны дәріптеу ісіне үлес қосуы керек
akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ҚХА қызметінің келешектегі басты бағыттарын атап өтті. Ол Ассамблеяның аймақтардағы жұмысын жандандыру, мәдениет пен өнер арқылы ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ этносаралық татулықты одан әрі тереңдету қажеттігін баса айтты. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Президент ең алдымен Ассамблеяның өңірлерде белсенді болуын тапсырды. Ол былтыр Түркістан қаласында ашылған жаңа Достық үйінің маңызын атап өтті.

"Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов сияқты этностар тығыз шоғырланған аудандарда Ассамблея құрылымдарын ашу қажеттігін айтты. Президенттің сөзінше, бұл бастама қоғамдық келісімді тереңдетуге және жергілікті деңгейде бірлік саясатын тиімді жүргізуге сеп болады.

"Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын", – деді ол.

Мемлекет басшысы ұлттық бірлікті нығайтуда мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдалану керек екенін айтты. Оның пікірінше, әртүрлі этностардың мәдени мұрасы — Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі.

"«Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс", – деп атап өтті Президент.

Ол елімізде орналасқан Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов сынды ұлы тұлғаларға арналған музейлердің Қазақстан мәдениетінің бай қорын толықтырып отырғанын айтты. Бұл музейлердің экспозицияларын Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырып, көпшілікке таныту маңызды.

Сонымен бірге, кейбір этномәдени бірлестіктер жинаған өнер туындылары мен этнографиялық жәдігерлер де ұлттық мұраға айналуға лайық екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында көтерген бастамалары – ел ішіндегі қоғамдық келісім мен ұлттық тұтастықты сақтау жолындағы нақты қадамдар. Өңірлік жұмысты күшейту, мәдени мұраны кеңінен насихаттау және этносаралық диалогты тереңдету – Ассамблея алдында тұрған стратегиялық міндеттер ретінде белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Қазақстан халқы Ассамблеясы #ұлттық тұтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика