"Наурыз" ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды

"Наурыз"  ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды aikyn.kz

Бағдарлама аясында алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдеуге болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аталған бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылдың 3 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында жалғасады. Ол тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы берілмек.

Бағдарлама талаптары да оңай: 

– "Отбасы банкінің" салымшылары, депозитінде кемінде 2 миллион теңге болуы тиіс;
– Өзінде және отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда баспанасы болмаған азаматтар;
– Жасы 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар.

Бастапқы жарна:

• егер пәтер таза әрлеуде болса (10%);
• егер пәтер екінші нарықтан немесе қарапайым әрлеуде болса (20%).
Пайыздық мөлшерлеме:
• 7% (ЖТСМ – 7,1%) – әлеуметтік осал топтарға;
• 9% (ЖТСМ – 9,4%) – өзге қатысушыларға.

Жаңа бағдарламада қарыз соммасы аймақтарға 30 миллион теңгеге дейін, ал Астана мен Алматыда 36 миллион теңгеге дейін берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10