AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Луврды тонаған кім?

Луврды тонаған кім?

Әлем 03.11.2025, 16:43 430
Луврды тонаған кім?
Сурет: Tonkosti.ru

Луврды тонағандар ұсақ бұзақылар болып шықты, олар Франция астанасының кедей аудандарының бірінде тұрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әдепкіде болжанғандай олардың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ.

«Оларды болмашы қарақшалар тобы дей алмаймыз, алайда жоғары ұйымдасқан қылмыстық топқа да жатқызбаймыз», - деді Париж прокуроры Лор Беко.

Оның айтуынша, Луврды тонауға қатысты ұсталып, айып тағылған төрт адамның үшеуі ер адам, бірі әйел. Олар жергілікті тұрғындар,  Париждің солтүстігіндегі кедей аудан саналатын Сен-Дени маңында тұрады.

Беконың сөзінше, тұтқындалған төрт адамның екеуі бірнеше рет сотты болған.

Луврды тонауға қатысты екі күдіктіге айып тағылды. Бірі Сен-Дени маңында орналасқан Курнёв қаласының тұрғыны 38 жастағы әйел, екіншісі 37 жастағы ер адам. Беко олардың азаматтық некеде тұратынын және балалары бар екенін айтты, бірақ басқа мәлімет бермеді. Күдіктілер өздерінің қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Бұған дейін билік басқа екі күдіктіні ұстаған еді. Олар 34 жастағы Алжир азаматы мен 39 жастағы такси жүргізушісі. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл адамдар Луврды тонауға қатысы бар екенін ішінара мойындаған.

Айта кетейік, 19 қазанда Париждегі әлемге әйгілі Лувр музейіне ұры түскен еді. Олар жалпы құны 88 миллион еуро болатын тарихи жәдігерлерді қолды еткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лувр #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика