AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ассамблея – ұлттық бірегейлікті бекітетін баламасы...

Ассамблея – ұлттық бірегейлікті бекітетін баламасы жоқ платформа

Әлеумет 24.04.2025, 12:09 713 Bakyt
Ассамблея – ұлттық бірегейлікті бекітетін баламасы жоқ платформа
akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ҚХА-ның елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық тұтастықты сақтаудағы ерекше рөлін атап өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы түрлі жылдары елімізде құрылған қоғамдық диалог алаңдары мен құрылымдарды атап өте отырып, Ассамблеяның бүгінде ұлттық бірегейлікті бекітуде теңдессіз басты платформаға айналғанын ерекше белгіледі.

"Бүгінгі мерейтойлық жиында Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін атап өткім келеді", – деді Тоқаев.

Президент Ассамблеяның тек қоғамдық институт қана емес, мемлекеттігіміздің негізін құрайтын аса маңызды құрылым екенін баса айтты. Оның айтуынша, бұл ҚХА-ға артылатын тарихи жауапкершіліктің де зор екенін білдіреді.

"Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл пікірі Ассамблеяның рөлі тек этносаралық татулықпен шектелмей, елдік мұраттар мен ұлттық тұтастықты нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #ұлттық бірегейлік #Ұлттық мүдде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);