Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кедергісіз алдын-алу: онкоскринингтен тегін және М...

Кедергісіз алдын-алу: онкоскринингтен тегін және МӘМС-сыз өтуге болады

Медицина 03.11.2025, 20:12 478
Кедергісіз алдын-алу: онкоскринингтен тегін және МӘМС-сыз өтуге болады
№36 қалалық емхана

Жатыр мойнының қатерлі ісігі - әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурудың бірі. Соңғы жылдары дәрігерлер 45 жастан асқан әйелдермен қатар, жас пациенттер арасында да ауру көрсеткішінің артқанын атап өтіп жатыр. Мамандар мұны халықтың аурудың алдын алуға деген жоғары жауапкершілігімен және профилактикалық тексеру, скринингтік бағдарламаға белсенді қатысуымен байланыстырады.

Алматы №36 қалалық емханасының онкологы Зарина Тойлыбаеваның айтуынша, емнің нәтижесі ауруды уақытылы анықтауға тікелей байланысты. Эндометрийдің қатерлі ісігі ерте кезеңде жақсы емделеді, емдеу барысы жеңіл өтеді және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Ауру әдетте баяу дамиды - көбіне гормондық бұзылыс, артық салмақ, қант диабеті, артериялық гипертензия, аз қимылдау және тұқым қуалаушылыққа бейімділік аясында пайда болады.

Онколог гинекологқа тұрақты түрде қаралу қажет екенін атап өтті. Дәл осы профилактикалық тексеру мен кіші жамбас ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі патологиялық өзгерісті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

«Әйелдер денсаулығына мұқият болуы керек: етеккірдің бұзылуы, етеккір аралығындағы немесе менопаузадан кейінгі қан кету, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну байқалса, міндетті түрде маманға қаралу қажет», - дейді Зарина Тойлыбаева.

Оның айтуынша, Қазақстанда онкоскринингтік бағдарламаға қатысудың жас диапазоны кеңейтілді. Енді тексеру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тегін жүргізіледі және скринингтен өту үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру полисінің болуы талап етілмейді.

«30 жастан 74 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырына, 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обырына, ал 50 мен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер тоқ ішек обырына скринингтен өте алады», - деп нақтылады маман.

Профилактикалық тексеру тіркелген емханада өткізіледі. Қатысу үшін учаскелік дәрігерге немесе профилактикалық бөлімге жүгіну жеткілікті.

Онколог ерте диагностика өмірді сақтайтынын атап өтті: «Уақытылы профилактикалық тексеру ауру белгілері пайда болмай тұрып анықтауға және емнің тиімдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Өзіңе деген қамқорлық - өз денсаулығыңа назар аударудан басталады», - деп сөзін түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#№36 қалалық емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика