конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиреналар іске қо...

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиреналар іске қосылмағаны үшін бірнеше шенеунік сотталды

Заң мен тəртіп 03.11.2025, 15:11 505
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиреналар іске қосылмағаны үшін бірнеше шенеунік сотталды
Сурет: интернеттен

Тексеру барысында төтенше жағдайлар департаменті қызметінде аталған жүйені сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі жұмыс істемей қалған соң, сапасыз жабдық орнатқан кәсіпкер мен оған қатысы бар бірнеше лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шықты.

Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылғы 23 қаңтарда мегаполис аумағында болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі іске қосылмай, халық уақтылы хабарландырылмаған.

Тергеуден кейін “TNS-INTEC” ЖШС-нің бас директоры жеке пайда табу мақсатында сапасыз жабдық жеткізіп, орындалған жұмыстар актілерін жалған ресімдегені, сол арқылы аса ірі көлемде мемлекет қаражатын ұрлағаны анықталды.

"Бұл іс бойынша Алматы гарнизонының Әскери соты үкім шығарды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің үш орынбасары жабдықты қабылдау кезінде немқұрайдылық танытқаны үшін, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдер тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Сот барлық сотталушыларды кінәлі деп танып, бостандығынан айыру және мемлекеттік, сондай-ақ квазимемлекеттік органдарда белгілі бір қызметтерді атқаруға тыйым салу жазасын тағайындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #сирена
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды

Бүгін 12:58

Шығыс Қазақстандағы сарапшылар алаңында жаңа Құрылтайдағы өңірлердің өкілдігі талқыланды

Бүгін 12:46

Алматыда тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары жалғасуда

Бүгін 11:35

46 жалған диплом анықталған

Бүгін 11:10

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);