AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ғалым, саяхатшы, суретші: шығыстың жарық жұлдызы Ш...

Ғалым, саяхатшы, суретші: шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов туралы 15 дерек

Керек кеңес 03.11.2025, 14:53 1,505 dulatbekova
Ғалым, саяхатшы, суретші: шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов туралы 15 дерек
Сурет: Massaget.kz

Бүгін - ғұмыры құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, өмірі аққан жұлдыздай қысқа болған ұлы ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың дүниеге келген күні. Ол 1835 жылдың 3 қарашада қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Aqshamnews.kz тілшісі тарихта өлшеусіз із қалдырған ғалым жайлы тың деректердің топтап көрді. 

Шоқан - қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға. Ол жасынан зерек, алғыр, ғылым мен өнерге құштар болып өсті.

Шоқан Уәлиханов - қазақ ғылымының алғашқы қарлығашы, мәдениет пен өркениетті байланыстыра білген ерекше дарын иесі.

1) Шоқанның шын есімі - Мұхаммед Қанафия. «Шоқан» есімін бала күнінде еркелетіп қойған.

2) Шоқан - Абылай ханның тікелей ұрпағы. Атасы - Уәли хан, әкесі - аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов.

3) Омбы кадет корпусында оқыған тұңғыш қазақ. Бұл оқу орны патша әскерінің болашақ офицерлерін даярлайтын беделді білім ордасы болған.

4) Көп тіл білетін ғалым: орыс, француз, неміс, ағылшын, парсы және араб тілдерін меңгерген.

5) Алғашқы ғылыми еңбектері 18 жасында жарық көрген, бұл оның ерте жастан ғылымға бет бұрғанын көрсетеді.

6) Шоқан сән мен өнерді бағалаған зиялы тұлға болған. Сирек кітаптар мен әсем мүсіншелер жинаған, әрдайым ұқыпты киініп жүрген.

7) Суретші ретіндегі қыры: саяхат кезінде салған суреттері мен портреттері тарихи құндылыққа ие. Айғаным әжесінің Құсмұрын маңындағы маноры Шоқанның суреттері бойынша қалпына келтірілген.

8)1856 жылғы Қашғар сапары Шоқанның өміріндегі ең қауіпті әрі маңызды саяхат болды. Ол Қытай мен Орталық Азия туралы құнды деректер жинап, бұрын карталарда беймәлім өңірді ғылымға танытты.

9) Шоқан Қашғардан сирек кездесетін шығыс қолжазбалары, нумизматикалық жәдігерлер, нефрит пен гербарий үлгілерін алып келді.

10) Қазақ ауыз әдебиетін жинаған алғашқы зерттеушілердің бірі. "Едіге", "Ер Көкше", "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" сияқты жырларды қағазға түсірген.

11) Орыс ғалымдары Шоқанды жоғары бағалап, оны Петербургтегі География қоғамының толық мүшесі етіп сайлаған – бұл сол дәуірдегі аса жоғары ғылыми мәртебе.

12) Шоқанның жақын достары: әйгілі жазушы Ф.М. Достоевский және ғалым Г.Н. Потанин. Достоевский оны "жарқын болашақтың үміті" деп атаған.

13) Шоқанның жеке өмірі қысқа да сырлы болған. Ол Тезек төренің туысы Айсараға үйленіп, бар болғаны алты ай ғана бірге ғұмыр кешкен.

14) Ұлы ғалым небәрі 29 жасында дүниеден өтті. Ол қазіргі Алматы облысы, Алтынемел өңірінде жерленген.

15) Ресми дерек бойынша, туберкулезден қайтыс болған деп есептеледі, бірақ кей зерттеушілер оның уланып өлтірілгені туралы болжам айтады.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шоқан #деректер #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);