Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде қатардағы Нұрдәулет Жалиев қызмет атқарады. Ол әскерге саналы түрде, нақты мақсатпен келді. Оның бала кезден бергіарманы - музыка әлемінде өз орнын тауып, әскери оркестр құрамында өнер көрсету.
Өнерге деген құштарлық Нұрдәулетті ерте жастан жетеледі. Мектеп қабырғасынан бастап олкөпшілік алдында ән айтып, баян аспабында еркін ойнады. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген оның бойында жауапкершілік және табандылық секілді қасиеттер қалыптасты. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжін тәмамдаған соң, оның алдында екі таңдау тұрды. Бірі – музыка пәнінің мұғалімі ретінде еңбек ету. Екіншісі – бала күнгі арманынан бас тартпай, дара жол салу. Нұрдәулет жүрегі қалаған бағытты таңдады. Арман жолында ол тынымсыз еңбектеніп, кәсіби тұрғыда дамып, әскери оркестрге қабылдану үшін қажетті құжаттарды жинады. Алайда оған өзарманына жету жолында әскери билетінің болмауы кедергі болды. Бұл жағдай жас музыканттың жігерін жасытпады. 21 жасында ол әскерге бару жөнінде шешім қабылдап, мақсатына бір қадам жақындай түсті.
Ата-анасы ұлының болашағына қатысты таңдауын қолдады. Себебі өздері де шығармашыл жандар бұл шешімнің "жеті рет өлшеп, бір рет кесілгенін" түсінді. Мерзімді әскери қызметтегі алты айда қатардағы Жалиев өзін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметші ретінде көрсетті және келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру құқығына ие болды. Әскери бөлімнің табалдырығын аттағаннан бастап бөлім командирлері Нұрдәулеттің әскери оркестрдеөнер көрсетуге деген ниетін білді. Оның талабы, тәртібі мен қызметке деген жауапкершілігі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта қатардағы Нұрдәулет Жалиев5513 әскери бөлімінің оркестрі құрамында өнер көрсетіп жүр. Ол жаңа музыкалық аспаптарды меңгеріп, кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық тұрғыда дамуын жалғастырыпжатыр. Арманға жету үшін әр адам табандылықтанытып, кездескен қиындықтарды еңсеру қажет. Алайда кей жағдайда жалғыз жігердің өзі жеткіліксіз болып, арманын орындау үшін мүмкіндік сыйлайтын орта керек болады. Нұрдәулет үшін дәл осындай мүмкіндік, арманын жүзеге асыруға жол ашатын орта Ұлттық ұландағы мерзімді әскери қызметтен табылды.