AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда комьюнити орталықтар резиденттері компьют...

Алматыда комьюнити орталықтар резиденттері компьютерлік клубтарға түнгі бақылау жүргізді

Барлығы 23.01.2026, 16:00 309
Алматыда комьюнити орталықтар резиденттері компьютерлік клубтарға түнгі бақылау жүргізді
Алматы әкімдігі

Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі профилактикалық рейд өтті. Мониторинг барысында түнгі уақытта жасөспірімдердің баруы мүмкін компьютерлік клубтарға ерекше назар аударылды. Бұл туралы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Мониторингті қалалық комьюнити орталықтардың резиденттері мен қоғам өкілдері Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуын реттейтін заңнама талаптарының сақталуын бақылау, сондай-ақ жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Рейд аясында Lord, BRO, Vernyi, DarkNet және өзге де компьютерлік клубтар тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша заңды өкілсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.

«Рейд барысында полиция қызметкерлері компьютерлік клубтарда заңды өкілсіз жүрген бірде-бір жасөспірімді анықтаған жоқ. Мұндай фактілер тіркелген жағдайда кәмелетке толмағандар Алматы қаласының Әуезов ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары немесе қамқоршылары шақырылатын еді. Ал 22:00-ден кейін жасөспірімдердің болуына жол берген мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Алматы қаласы Әуезов ауданы комьюнити орталығының директоры Бауыржан Маханбет.

Сондай-ақ, ол компьютерлік клубтарда, қоғамдық кеңістіктерде және сауда-ойын-сауық орталықтарында профилактикалық рейдтер ай сайын, тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

«Өткен жылмен салыстырғанда қаңтар айы оң көрсеткішпен басталды, құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жауапкершілікті үнемі еске салу маңызды», — деді ол.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілсіз жүруіне тыйым салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Рейд #Түнгі рейд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика