AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қандас журналист Қазақстанда даңғаза тойдың көптіг...

Қандас журналист Қазақстанда даңғаза тойдың көптігіне таңғалады

Әлеумет 23.01.2026, 11:50 519 yakiya
Қандас журналист Қазақстанда даңғаза тойдың көптігіне таңғалады
Сурет: qazaqytoi.kz

«Qazaq Airan» YouTube арнасына берген сұхбатында бірнеше жыл бұрын Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған тарихшы әрі журналист Жұмамұрат Шәмші елге алғаш келген жылдары той-томалақтың тым көптігіне таңғалғанын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, Өзбекстанда жыл ішінде бар болғаны бірнеше негізгі мереке ғана атап өтіледі. Ал Қазақстанда мерекелер мен түрлі атаулы күндер жыл бойы үздіксіз тойланатынын көріп, алғашында қатты таңғалған. Оның сөзінше, жаңа жыл мен ескі жаңа жыл, түрлі халықаралық және бейресми мерекелер, сондай-ақ туған күндерді кең көлемде атап өту қалыпты жағдайға айналған. Қоғам белсендісі мұндай тойшылдықтың бюджетке де салмақ салып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол тіл мәселесіне де тоқталып, қазақ көп шоғырланған өңірлердің өзінде ана тілінің шұбарланып, орысша және ағылшынша сөздердің араласып кеткенін сынға алды. Өзінің өскен ортасында қазақы болмыс пен тіл тазалығы сақталғанын айтып, қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Қазіргі тойларды қатаң сынға алған Жұмамұрат Шәмші қазақ дәстүрінде бүгінгідей аста-төк қыз ұзату тойының болмағанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұрын қыз ұзату шағын, қарапайым түрде, ең жақын туыстардың қатысуымен ғана өткен, ал қазіргі форматтағы даңғазалы тойлар кейінгі жылдары, әсіресе 2000-жылдардан бері күрт көбейген. Ол мұны бәсекелестік пен орынсыз мақтанның салдары деп бағалап, той мәдениетін реттейтін мемлекеттік деңгейдегі шаралар қажет екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Той
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Бүгін 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Бүгін 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Бүгін 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);